26
Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім
басқармалары барлық орта білім беру ұйымдарында жазғы мектеп ұйымдастыру
туралы бұйрық шығарады. Білім беру ұйымдарының басшылары өз кезегінде
Жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспарын бекітеді және жалпы
жауапкершілікте болады.
Орта білім беру ұйымы ауысымдар бойынша білім алушылардың санын,
оқу пәндері мен жеке консультацияларды дербес айқындайды. Қажет болған
жағдайда білім алушылар үшін кесте бойынша
жеке консультациялар
ұйымдастырылады.
Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу
жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін
диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере
отырып жасалады.
Педагогтер диагностика нәтижелері негізінде меңгеруге күрделі деген
тақырыптарды, бөлімдерді,
бөлімшелерді, оқыту мақсаттарын зерделеп,
тақырыптық жоспарлар әзірлейді.
Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер
білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.
Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру
ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі
✓
Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді.
✓
Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді.
✓
Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі
.
Сабаққа дайындық кезінде педагог оқу материалдары
мен ресурстарын
мұқият таңдап, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі
олқылықтардың орнын толықтыруға деген қажеттіліктерін ескере отырып,
сараланған тапсырмаларды әзірлеуі керек. Жазғы мектептің оқу процесінде
үлгерімі нашар білім алушыларға ерекше назар аудару керек. Қажет болған
жағдайда жеке, сараланған тапсырмаларды әзірлеу, жеке консультациялар
жүргізу қажет.
Білім алушылардың танымдық ынтасын
арттыру мақсатында қосымша
ойын-сауық материалдарын, тест тапсырмаларын, шығармашылық сипаттағы
дидактикалық материалдарды, аудиовизуалды құралдарды (графика, аудио,
бейнематериалдар), презентацияларды, сараланған
оқу тапсырмаларын
пайдалану ұсынылады.
Топтардағы толымдылық 25 адамнан артық болмауы тиіс. Сабақтың
ұзақтығы - 40 минут, бір күнде 3-4 сабақ өткізіледі.
Әр күнге жұмыс жоспарын құру кезінде жазғы лагерьдің сауықтыру іс-
шараларымен үйлестіре отырып, жазғы сабақтардың кестесін құру ұсынылады.
Жазғы мектепте сабақтарды ұйымдастыру кезінде барлық қажетті
санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларды қамтамасыз ету қажет (медицина
27
қызметкерлерінің сабақ алдында білім беру процесіне қатысушылардың
температурасын күн сайын өлшеуі; дәліздерде, рекреацияларда, холлдарда және
басқа да үй-жайларда ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізу; бетперде
кию және басқалар).
Жазғы мектепте тамақтану қалыптасқан
эпидемиологиялық жағдайға
байланысты ұйымдастырылады. Асханалардың жұмысы санитарлық ережелер
мен
нормалардың
талаптарын
сақтай
отырып,
кесте
бойынша
ұйымдастырылады.
Жазғы мектептің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін білім беру процесінің
барлық қатысушыларының (басшы, басшының орынбасары, педагогтер,
психологтар, медицина қызметкерлері және т.б.) жауапкершілік алатын тұстарын
нақты бөлу қажет.
Мектеп психологтары білім алушыларды психологиялық сүйемелдеуді
қамтамасыз етеді; білім алушылар мен олардың ата-аналары/заңды өкілдері үшін
консультациялар өткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: