Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет110/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   422
Рационалдық әдіс 
Егер Ф.Бэкон сезiмдiк, тәжiрибелiк бiлiмдi арқа тұтып, ғылымдағы 
негiзгi әдiстеменi индукциядан көрсе, Р.Декарт, керiсiнше, сезiмдiк 
бiлiмнiң құндылығын терiске шығарып, дедуктивтi әдісті негiзгi 
тану жолына айналдырды. Дедуктивтi әдiстiң негiзгi талаптары – ол, 
бiрiншiден, туа бiткен интуиция арқылы ақиқатқа тек өте анық шынайы 
ой елегiнен көрiнiп тұрғанды ғана алу; зерттелетiн мәселенi ой өрiсi 
арқылы барынша ұсақ, тұрпайы бөлшектерге бөлу, содан кейiн ғана 
жоғарыға қарай күрделiлікке өрлеу.
Негiзiнен, Р.Декарттың әдiстемесi – ол интеллектуалдық интуиция 
арқылы алынған негiзгi ұғымдарға сүйене отырып, басқа ұғымдарды
тұжырымдарды тудыру. Егер интуицияда ақиқат тiкелей ашық берiлсе, 


164
онда дедукцияның дәнекерлiгi арқылы ақиқатқа күрделi жол арқылы 
жетуге болады. Осы күрделi жолда бiр ұғым байқалмай түсiп қалса, 
онда нәтижеге жету мүмкiн болмай қалады. Сондықтан бүкiл дедук-
ция жолын ұқыпты есептеп бақылап отыру қажет. Дедуктивтi әдiстеме 
арқылы әртүрлi нәтижелерге жетуге болады. Сондықтан Р.Декарт 
оны жасанды тәжiрибе қойып, тексерiп отыру қажеттігі туралы пiкiр 
айтады.
Р.Декарттың этикалық көзқарастары
Р.Декарттың этикалық көзқарастары адамның құмарту сезiмдерiмен 
байланысты түрде қаралады. Олардың бәрiн негiзгi алты сезiмге әкелiп 
теңеуге болады. Олар: таңғалу, сүю, жек көру, тiлеу, қуану мен қайғыру. 
Олардың көбi адамның сезiмдiк заттарға деген құштарлығынан туады 
да, адамның жан дүниесiн зардапқа толтырады. Ақыл-ой арқылы 
оларды жою мүмкiн емес. Олай болса, олардың бәрiн адамның жан 
дүниесiне сәйкес келетiн бiр құмартумен алмастыру керек. Ол қандай 
құмарту сезiмi болуы керек деген сұраққа ойшыл өзiнше жауап бередi. 
Оның ойынша, ол – дүниетануға деген жанның құмартуы, адамның 
дүниедегi құбылыстарға қызығушылықпен қарауы.
Қорыта келе, Р.Декарттың философиясының болашақ дүниеге деген 
көзқарастардың дамуына зор әсерiн тигiзгенiн атап өтемiз. Соны-
мен қатар философияда әртүрлi қайшылықтар етек алып, әртүрлi 
бағыттардың арасындағы күрестер күшейе түседi. Солардың iшiнде 
Ф.Бэконның философиясын ары қарай дамытып, сонымен қатар 
Р.Декарттың философиясын сынға алған ойшылдардың iшiнде әсiресе 
Т.Гоббсты атап өтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет