170
Нақтылы заттың шектелгенi оны басқа заттардан бөледi, өзiне ғана
тән айырмашылығын тудырады. Сондықтан
әр зат болмыста өзiнiң
орнын алады, өйткенi ол – сол зат, басқа оған толықтай ұқсас еш зат
жоқ. Сонымен қатар ол бейболмыста, өйткенi басқа жағынан алғанда
анықталмайды.
Субстанцияның модустарынан басқа бiрнеше
атрибуты (қасиетi)
бар. Олар – созылу (extensio) және ойлау (cogitatio). Адам дүниенi таны-
ғанда, оның осы қасиеттерi арқылы нақтылыққа жете алады. Демек,
Р.Декарттың екi субстанциясы Б.Спинозаның
бiр субстанциясының
негiзгi екi қасиетiне айналады.
Ендi субстанцияның осы негiзгi екi қасиетiне сипаттама берелiк.
Сөйтіп, Б.Спиноза заттықтың негiзгi қасиетiн созылудан, яғни
кеңiстiктен көрдi. Онда мынандай сұрақ ойымызға келедi: Осы айтыл-
ған кеңiстiкте саны шексiз болғанымен, неше түрлi шектелген зат-
тар қалай пайда болады? Оның негiзгi себебiн ойшыл қозғалыс пен
тұрақтылықтан көредi, өйткенi олардың
бiр-бiрiне деген қатынасы
мен көлемi нақтылы шектелген заттарды құрайды. Расында да, әрбiр
заттың көлемi бар, ол – бiр жағынан, тұрақты,
екiншi жағынан, үнемi
қозғалыста. Яғни қозғалыс пен тұрақтылық субстанцияның созылу
қасиетi мен нақтылы шынайы өмiрдегi заттардың арасындағы дәнекер
ретiнде қаралады.
Субстанцияның келесi атрибуты – оның «шексiз ойлау қабiлетiне»
келсек, ол – бүкiл табиғатқа тән нәрсе. Олай болса, Б.Спиноза бүкiл
дүниенi тiрi деп есептейдi. Мұндай көзқарас гилозоизм (hileo – грек
сөзi, зат, zoo – тiрi) деп аталады. «Тек адам ғана емес,
сонымен қатар
барлық табиғаттың заттары мен құбылыстары әртүрлi деңгейдегi
тiршiлiкте», – дейдi ұлы ойшыл.
Достарыңызбен бөлісу: