Серік Мырзалы философия оқу құралы


Әлеуметтiк, мораль мәселелерi



Pdf көрінісі
бет119/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   422
Әлеуметтiк, мораль мәселелерi
Iзгiлiк пен зұлымдық, жақсылық пен жамандық, Б.Спинозаның 
ойынша, – нақтылы қалыптасқан әлеуметтiк ахуалдан шығатын 
нәрселер. Оған Құдайдың ешқандай қатысы жоқ. Iзгiлiк, жақсылық 
дегенiмiз – ол адамға пайда әкелетiн, ләззатқа жетелейтiн нәрселер, 


173
ал зұлымдық, жамандық дегенiмiз – ол адамға, оның өмiрiне, алдына 
қойған мақсат-мұраттарға нұқсан келтiретiн, зардаптық сезiм туды-
ратынның бәрi.
Моральдық саланың ең терең себептерi адамның «өзiн-өзi сақтау» 
заңында жатыр. Әрбiр адамның өз мүдделерi бар, сол үшiн олар бiр-
бiрiмен күреседi.
Б.Спинозаның ойынша, адамның өмiрi тек қоғамның шеңберiнде 
ғана болмақ. Әр адамның өз өмiрiн сақтап қалуға деген талпы-
нысы олардың бәрiн қоғамға бiрiктiредi. «Ал мемлекеттiк дәрежеге 
өту, негiзiнен, Т.Гоббстың «шарт жасау» мәселесiнде емес, еңбектiң 
бөлiнуiнен, адамдардың сан алуан қажеттiктерiн өтеу керектiгiнен 
туады», – дейдi ұлы ойшыл.
Қоғамның рухани өмiрiне тоқтала келiп, Б.Спиноза бұл саладағы 
Киелі кітаптың құндылығын өте төмен бағалайды. Дiни құжаттардың 
қайсысы болса да, өте көп қайшылықтардан тұрады. Олардың тек қана 
қарапайым халықтың моральдық қасиеттерiн тәрбиелеуге деген маңызы 
бар. Ал дүниетанымға келер болсақ, оған тек ақыл-ой, зерде арқылы 
жетуге болады. Дiни соқыр сенiмдi алатын болсақ, оның дүниеге 
келуiнiң негiзгi себебi – қарапайым надан халықтың табиғаттың 
қаһарлы, түсiнiксiз күштерiнен қорқуында жатыр. Мысалы, өлiм 
мәселесiн алайық. Адам қандай амал қолданса да, одан құтыла алмайды, 
сондықтан өлiмнен үрейленiп қайғыру – босқа уақыт өткiзгенмен тең. 
Өлiмнен қорқу – құлдықтың бiр түрi. Оны ойлағаннан гөрi, адам өзiнiң 
күш-қуатын өмiрлiк мәселелерге арнағаны жөн. Адамның қуаныш пен 
зардапқа, қайғыға толы өмiрi – ол тек бүкiл әлемнің шексiз кiшкентай 
өмiрiнiң бөлiгi ғана. «Мұндай ой адамға жұбаныш әкеледi», – деп 
қорытады ұлы ойшыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет