Серік Мырзалы философия оқу құралы


Гносеология (таным) мәселелерi



Pdf көрінісі
бет122/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   422
Гносеология (таным) мәселелерi
Лейбниц танымның терең негiзiн сезiмнен тыс өмiр сүретiн зерде-
ден көредi. Яғни ол Декарттың танымға деген көзқарасын қолдайды. 
Бiрақ Декарттың зерделiк «айқын және анық ақиқатына» Лейбниц 
қанағаттанбайды. Оның ойынша, алғашқы ақиқаттар қисынның «тепе-
теңдiк заңына» сәйкес келуi қажет. Содан кейiн «қайшылық заңы» 
арқылы зерделiк бiлiмдi тереңдетуге болады. «Бұл – қажеттi ақиқат-
тар, – оларды, негiзiнен, математика саласынан табуға болады», – дейдi 
ұлы ойшыл.
Әрине, бұған қарамастан, бiз адамдардың өмiрден алған тәжi-
рибелерiн де бағалап, пайдалануымыз керек. Бiрақ қайсыбiр тәжiрибе – 
ол кездейсоқтықтың туындысы. Ол болуы да, болмауы да мүмкiн. Ол 
нақтылы деректер ақиқаты – әрқашанда жеткiлiксiз, кездейсоқтық.
Оларды ғылыми тұрғыдан сараптауға болады, ол үшiн бiз 
«жеткiлiктi негiздеу заңына» сүйенуiмiз керек, өйткенi қайсыбiр 
деректiң, құбылыстың себебi, негiзi бар. Сол негiздi анықтау – бiздi 
белгiлi бiр табиғат заңдылықтарына әкелуге тиiс. Дегенмен тәжiри-
белiк бiлiм бiздi тек қана әртүрлi деңгейдегi ықтималдық, болуы 
мүмкiн нәрселерге ғана жеткiзедi.
Егер жан-дүние арқылы бiз түйсiктерге (перцепция) сәйкес 
қабылдау дәрежесiне көтерiлсек, рух арқылы бiз өзiмiздiң танымдық 
мүмкiндiктерiмiздi талдай аламыз. Ақырында, өзiмiздi-өзiмiз тану 
дәрежесiне көтерiлемiз. Осындай адамның өзiнiң iшкi рухани өмiрiне 
тереңдеуiн Лейбниц апперцепция дейдi. Апперцепция – адамның 
дүниетануының шыңы, сананың белсендi қызметiн көрсетедi. Егер 
танымдағы сенсуализм бағыты адамның бiлiмi айнала қоршаған орта-
дан әрқашанда кем деп есептесе, Лейбниц, керiсiнше, адамның iшкi 
рухани бiлiмi басым деген пiкiр айтады. Олай болса, Лейбниц сезiмдiк 
танымды толығынан ақыл-ойдан бөлiп алып, анағұрлым төмен 
дәрежеде бағалады. «Өзiмiздi ойлау арқылы бiз болмысты, субстан-
цияны, тұрпайылық пен күрделiлiктi, бейзаттық пен Құдайды ойлай 
аламыз», – деп қорытады ұлы ойшыл. Мұндай көзқарас, шамасы, 
болашақ И.Канттың танымдық теориясына зор әсер етсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет