Маркс (1818-1883 жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) болды.
Егер К.Маркстiң әкесi сол кездегi iрi заңгерлердiң бiрi болса, Ф.Энгельс
өзiнiң жеке меншiктегi фабрикасы бар iскердiң отбасында дүниеге
келедi. Сондықтан олардың екеуi де өз заманындағы үлкен жоғары оқу
орындарда оқып, бiлiм алады. Студенттiк жас кездерiнде олар «жас
гегельшiлердiң» қатарында болғанымен, сол кездегi әлеуметтiк-саяси
ахуал оларды буржуазиялық либерализмнен гөрi, революциялық демо-
233
кратизм жолына қарай итермелейдi. Олардың шынайы революциялық
көзқарастарының қалыптасуына, әсiресе 1848 ж. Батыс Европа елдерiнде
өте шиеленген қайшылықтардың негiзiнде пайда болған революция-
лар өзiнiң зор әсерiн тигiздi. Дәл осы кезде олардың философиялық
көзқарастары өзiнiң кемелiне келiп, айрықша жүйе ретiнде қалыптасты.
Оның негiзгi өзегi – дүниенi түсiнiп қана қоймай, оны қайта құру,
өзгерту қажеттiгi, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты
рухани тұрғыдан негiздеуi қажет. Әрине, мұндай мақсат билiк
басындағылардың үрейiн туғызды. Осы айтылған себептердiң негiзiнде
К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткiзуге
мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның
өмiрiнiң аяғына дейiн қолдағанмен, К.Маркс кедейлiктiң, аурудың,
кейбiр балаларының өлiмiн т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткiзiп,
соған қарамастан, өмiрiнiң аяғына дейiн өзiнiң ғылыми еңбектерiн
жазып, жұмысшылар қозғалысына белсендi қатысып, өз iлiмiнiң
жарқын болашағына сендi.
Ендi, әңгiменi нақтылай келiп, маркстiк философиядағы
жаңалықтарға келер болсақ, онда ең алдымен қоғамды материалистiк
тұрғыдан түсiну қағидасына тоқтауға тура келедi. Мұның өзi мате-
риализм бағытындағы негiзгi кемшiлiктi – табиғатты материалистiк
тұрғыдан түсiнгенмен, қоғам өмiрiне келгенде идеалистiк жолдан
шыға алмауды жойып, дүниеге деген толыққанды материалистiк
көзқарасты тудырды. Әңгiменiң мәнi мынада: қоғам өмiрiн талдауда
ойшылдар қоғам өмiрiнiң маңызды ерекшелiгiнiң шеңберiнен шыға
алмады, ол – адам ойының әрқашанда оның жасайтын iс-әрекетiнiң
алдында жүрiп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалады
да, содан кейiн ғана ол iске асады. Сондықтан ойшылдар тарихтың
тағдыры корольдер мен ұлы қолбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердiң
т.с.с. ойлары мен еркiнде деген пiкiрден шыға алмаған болатын. Олар
тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың
жүргiзiп отырған саясатына кiм шешушi ықпал жасай алады? Әрине,
сұлу бикештер, тарихтың мәселелерi көбiнесе мемлекет басшыларының
көңiл-күйiне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негiзiнде
француздардың «cherchez la femme» – «әйелдi iздеңдер» деген нақыл
сөздерi пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың
(әкесi мен баласы) «20 жылдан кейiн», «10 жылдан кейiн», «Виконт
де Бражелон» т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай
көзқарастардың негiзiнде көрсетiлген. Сол заманда өмiр сүрген фило-
соф Монтескьенiң өзi де осындай көзқараста болған, оның ойынша,
тарихтың дамуы көбiнесе жақсы заңдардың шығарылуымен байла-
нысты. Ал заңдарды жасайтын адамдардың өзi емес пе, олар
заңгерлердiң рухани шығармашылығының туындысы ғана.
234
Күнi бүгiнге дейiн қарапайым сананың шеңберiнде бiз осындай
көзқарастың әлде де болса өмiр сүрiп жатқанын байқаймыз. «Кеңес
Одағы неге құрдымға кеттi?» – деген сұрақты талдағанда, қарапайым
адамдар оны Горбачевтiң, ия болмаса Ельциннiң, Кравчуктың т.с.с.
сол кездегi өкiмет басындағы адамдардың iс-әрекеттерiмен байла-
ныстырады. Тiптi кейбiреулер оның себебiн Раиса Максимовнаның
(Горбачевтың әйелi) мемлекеттiк саясатқа ықпал еткенiнен көредi.
Ақырында, бiз «әйелдi iздеңдерге» тағы да келемiз. Ал әңгiменiң
шынына келсек, Кеңес Одағының өмiрден кетуi – оның заман тала-
бына сай жауап бере алмағанында, өндiргiш күштердiң даму қарқыны
төмендеп кетiп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда
болуында т.с.с.
Әрине, маркстiк философия тарихтағы адамдардың сана туынды-
ларының рөлiн шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар – өз
драмаларының авторлары мен актерлерi». Бiрақ олар мәселенi тереңдете
қарайды – сол белгiлi бiр уақытта өмiр сүрiп жатқан қоғамдағы өзектi
идеялардың түп-тамыры қайда кетедi? Неге уақыт өткен сайын бiр
идеялардың орнына екiншi идеялар келедi? Осы сұрақтарға жауап
бере келiп, К.Маркс адамдардың сана-сезiмiнiң өзi олардың өмiр сүру
жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелдi екенiн ашады.
«Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керiсiнше, қоғамдық
болмыс олардың санасын анықтайды», – деген тұжырымға келедi.
Әрине, қоғам өмiрiнде миллиондаған адамдар өмiр сүредi, олардың
әрбiреуi өзiнiң алдына өмiрлiк мақсаттар қойып, соларды iске асыруға
тырысады. Көбiнесе сол мақсат-мұраттар мен ұмтылыстар бiр-бiрiне
қайшы келiп, бiр-бiрiн тежеп, теңестiрiп жатады. Сол күштердiң парал-
лелелограмы тарихи үдерістi тудырады. Жалпы алғанда, қоғамның
дамуы – табиғи-тарихи үдеріс, ол өзiнiң белгiлi бiр қажеттi саты-
ларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес
Одағының құруының тағы бiр себебi – Лениннiң әлi капиталистiк
сатыға толық жетпеген, соның шеңберiнде дамып кемелiне келмеген
қоғамға сол сатыдан аттап өтiп, социалистiк қоғамды озбырлық жол-
мен таңуында болса керек. Нәтижесiнде, неше түрлi трагедиялардан
өтiп, бiз социализмнiң дүниеге ерте уақытсыз келген әлсiз бұрмаланған
түрiн орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмiрiн
құрбан еттiк. Ендi, мiне, «ұлы мәртебелi Тарих» бiздiң жағамыздан
ұстап, сендер қайда кеттiңдер деп, бiздi аттап өткен сатымызға қайта
оралтып жатыр.
Бүгiнгi таңдағы қиындықтардың түп-тамыры, мiне, тарихтағы сол-
шыл саясатқа барып тiреледi, оған Маркс кiнәлi емес. Қоғам өмiрiн-
дегi саяси, құқықтық, моральдық, дiни т.с.с. көзқарастардың рөлi
235
қаншалықты үлкен болғанымен, олардың өзi белгiлi бiр сатыдағы
өндiрiс тәсiлiнiң нәтижесi ретiнде қаралуы керек.
Маркстiк философияда танымдық мәселелерге де жаңа сипат
берiледi. Бұрынғы материализмге келер болсақ, олар танымды
түйсiктер арқылы бейнеленетiн аңдау ретiнде түсiндi: сыртқы дүние
бiздiң сезiмдiк мүшелерiмiзге өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның дүниенi
қабылдауын туғызады, яғни адам – енжар келетiн қабылдаушы ғана,
ал белсендiлiк сыртқы дүниедегi заттар мен құбылыстардан шығады.
Ал Маркстiң ойлауына қарағанда, қайсыбiр дүниетаным субъект (адам)
пен объектінің (сыртқы дүниедегi танылатын зат) өзара байланысы мен
iс-әрекетiнен тұрады. Адамның назарына, iс-әрекетiне түспеген таза
объект – ол табиғаттың шикiзаты ғана. Ф.Энгельстiң айтуына қарағанда,
«жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейiн адамның ойла-
уына тигiзетiн iс-әрекеттiң ықпалын зерттеудi есепке алмады. Олар,
бiр жағынан, табиғатты ғана, екiншi жағынан, ойлауды ғана бiлдi.
Бiрақ адамның ойлауының ең жақын да мәндi негiзi тек сол жалғыз
табиғаттың өзiнде ғана емес, сол табиғатты адамның өзгертуiнде, тек
сол өзгерiстерге сәйкес адамның ақыл-ойы ары қарай дамиды». Тек
адамның белсендiлiгi арқылы зат танылып, оның iс-әрекетi арқылы
қайта құрылып, оның қажеттiктерiн өтейдi. Сонымен, танымды ескiше
аңдау ретiнде түсiну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция
ғана. Шынайы өмiрдегi таным – ол затты белсендi түрде субъектiнiң
Достарыңызбен бөлісу: |