Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет158/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   422
философия деймiз. Ол адамды, негiзiнен, психо-физиологиялық пенде 
ретiнде қарайды. Фейербахты немiс философтарының адамды тек қана 
рух ретiнде түсiнуi қанағаттандырмайды. Оның ойынша, адам, бiр 
жағынан, материалдық дене, екiншi жағынан, – ойлайтын рух. Фей-
ербах көбiне адамның табиғи-биологиялық жақтарын қайта орнына 
келтiруге тырысады. «Мен» дегенiмiз – ол ойлайтын рух қана емес, 
ол денесi мен ойлай алатын басы бар, нақтылы кеңiстiк пен уақыттың 
шеңберiнде өмiр сүрiп жатқан тiрi адамның өзi.
Фейербах адамның негiзгi мiнездемесi ретiнде оның сезiмдiгiн 
келтiредi. Гегельдiң ойлау мен болмыстың теңдiгiне Фейербах бол-
мыс пен сезiмдiктiң теңдiгiн қарсы қояды. Оның ойынша, тек қана 
«сезiнетiн пенде ғана – шынайы ақиқатты пенде». Сезiмдiк болмыс деп 
Фейербах бiздiң санамызға тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан материалдық 
дүниенi айтады. Олай айтқан себебi, дүниедегi материалдық зат-
тар мен құбылыстардың өзiндiк өмiрiне Фейербах онша көп мән бер-
ген жоқ, ол олардың бәрiн тек қана адамға деген байланысы арқылы 
қарады, соңғының өзi сезiмдiк деректер арқылы адамға берiлетiнi 


229
сөзсiз. Екiншiден, адамның өзiнiң материалдығын, денелiгiн ойшыл 
сезiмдiк арқылы түсiнедi. Адам түйсiктерi мен сезiмдерiнiң өзi – оның 
материалдық дене екендiгiн көрсететiн бiрден-бiр дәлелдеме. Демек, 
«мен» – сезiмтал пенде, олай болса, дене адамның мәнiне толық түрде 
кiредi. Егер табиғатты Фейербах өз болмысынан өзiн айыра алмайды 
деп түсiнсе, адам – өзiнiң мәнiн болмыстан айыра алатын пенде.
Фейербахтың сезiмдiк қағидасының гносеологиялық (танымдық) 
жағы да бар. Айнала қоршаған ортаны танып-бiлу сезiмдiк қабылдау, 
түйсiктер, аңдау арқылы жүредi. Оның айтуынша, тек сезiмдiк аңдаумен 
анықталған, бағытталған ойлау ғана шынайы. Егер ойлау сезiмдiктен 
алыстаса, онда ол шындықтан да қол үзiп, өзiнiң шеңберiнен шыға 
алмай адасады.
Сезiмдiктiң тағы да бiр аса мәндi жағы – оның iшiне қажеттi түрде 
сүюдiң енуi. Фейербахтың ойынша, «бiздiң сүймейтiн, сүюге болмай-
тын нәрсемiз – ол жоқ», «сүю жоқ жерде – ақиқат та жоқ», «сүю – 
заттардың бiзден тыс өмiр сүруiнiң шынайы онтологиялық дәлелдемесi». 
Ары қарай өз ойын жалғастырып, Фейербах сүюдi iңкәрмен теңейдi. 
Олай болса, тек iңкәр ғана – заттың өмiр сүруiнiң анықтамасы. Тек 
iңкәрдiң ұмтылған заты ғана ақиқатты. Фейербахтың бұл сөздерiн 
субъективтi-идеалистiк бағытта қарауға болмайды. Оның айтқысы 
келгенi – адам өзiнiң керек қылатын заттарына, өмiрлiк құндылығы бар 
құбылыстарға немқұрайды қарамайды, ол оларды сүйедi, оларды иге-
руге, иеленуге тырысады, тек осы сәтте ғана олардың адамнан тыс өмiр 
сүрiп жатқаны оған айқын көрiнедi. Егер ол өзi сүйетiн, керек қылатын 
заттарға жете алмаса, ол онда қайғырып-қамығады, зардап шегедi. 
Оның өзi шынайы өмiрде керек нәрсенiң жоқтығын, оның бiздiң жан-
дүниемiзден тыс өмiр сүретiнiн көрсетедi.
Фейербахтың философиясында әлеуметтiк, моральдық мәселелерге 
көп көңiл бөлiнген. Ол өз заманындағы қоғамдық қатынастарға 
қанағаттанбайды, әсiресе христиан дiнiнiң осы дүниенiң құдiреттi 
Жаратушысы Құдайдың Өзiне сенiп, адал болған адамдарға мәңгi 
рақатқа бөленген о дүниедегi өмiр берiледi деген негiзгi қағидасына 
терiс баға берiп, ол қарапайым адамдардың осы өмiрдегi жағдайларын 
жақсартуға бағытталған ұмтылысына кедергi келтiредi деген пiкiр 
айтады. Фейербахтың ойынша, аспандағы мәңгiлiк өмiрге сену – 
жердегi өмiрдiң құндылығын жояды. 
Бiрақ Фейербах христиандықты қатты сынға алғанмен, қоғам өмiрiне 
бәрiбiр дiннiң керектiгiн мойындайды. Оның ойынша, тарихтағы бiрiн-
бiрi ауыстыратын үлкен дәуiрлер дiндердiң ауысуымен тығыз байла-
нысты. Олай болса, өзiнiң мүмкiндiктерiн сарқыған христиан дiнiнiң 
орнына жаңа дiн керек. Ол дiн Құдайға деген сүйiспеншiлiктiң орнына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет