230
еңбегiнің соңғы тарауында Фейербах «Адам адамға – Құдай» деген
пiкiр айтады. Сонымен бүкiл философиясы
материалистiк бағытта
болған философ мұндай көзқарасқа неге келедi деген сұрақ бiздiң
ойымызға ерiксiз келедi. Оның ойынша,
адамдардың бiр-бiрiне деген
қатынастарына дiни бiтiм берiлмесе, олар өзiнiң адамгершiлiк қасиетте-
рiнен жұрдай болады, өйткенi ондай жағдайда адамдар өздерiнiң табиғи
өзiмшiлдiгiнен арыла алмай қалады. «Дiнсiз болу – тек адамның өзiн
ғана ойлауымен тең, дiнге сену – басқаларды да ойлаумен бiрдей», –
дейдi Фейербах.
Ендi, мiне, Жаңа замандағы материалист-ойшыл
Фейербах бұл
мәселеге қандай жаңалық әкелдi екен? Оның ойынша, еркек пен әйел
арасындағы жыныстық сезiмге негiзделген сүйiспеншiлiк
осы жаңа
дiннiң арқауы болуы керек. Өйткенi адам табиғи-биологиялық пенде
болғаннан кейiн, оның түйсiктерi мен сезiмдерi оны алдамайды, тек
қана сүйiспеншiлiктен басқа шынайы практикалық
және органикалық
нәрсе адамдар арасында жоқ деген өз пiкiрiн айтады. Олай болса,
«аспандағы ләззаттан» гөрi, адам жердегi «сезiмдiк бақытқа» ұмтылуы
қажет. Ол, әрине, бiр-бiрiн сүйетiн «сен» мен «меннiң» қарым-қатынасы.
Адамдардың бiр-бiрiне деген қажеттiктерi оларды бiр-бiрiмен теңеп,
топтастырады. Егер
адамдар Құдайға сенуден гөрi, өздерiне сенiп,
адамның өзiн Құдай ретiнде қараса, онда барлық адамдардың арасында,
олардың жынысына қарамай, достық
қарым-қатынастар қалыптасып,
коммунизмге жол ашылатынын айтады ұлы ойшыл. Осындай рухани-
адамгершiлiк ойларымен Фейербахтың есiмi бiздiң санамызда сақталып
қалады.
Мiне, осымен немiс классикалық философиясына арналған соңғы
беттi аударамыз. Келесi сарапталатын ағым –
тек қана философияда
ғана емес, бiздiң өткен тарихымызға тiкелей өзiнiң зор әсерiн тигiзген
iлiм – ол маркстiк философия.
Достарыңызбен бөлісу: