232
VIII тарау. Маркстiк философия
Маркстiк философиямен, жалпы алғанда,
жан-жақты филосо-
фиялық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси iлiм ретiндегi марксизммен
ТМД елдерi халықтарының ХХ ғасырдағы өмiрi және тағдыры өте
тығыз байланысты. Дүниежүзiлiк тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында
марксизмнiң негiзiнде коммунистiк қоғам
орнатуға бағытталған ора-
сан зор әлеуметтiк батыл да қайғылы эксперимент 70 жылдан артық
уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған
адамдар осы әлеуметтiк эксперименттiң құрбаны болды. Ендi мiне,
бүгiнгi өтпелi дәуiрде өмiр сүрiп жатқан адамдар сол заманға әртүрлi
баға беруде. Бiреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнiң дүниеге
келуiне теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдiгi» орнаған қауым
деп
есептесе, екiншiлер өткен тарихқа өкiне қарап, ондағы адамдық
қатынастардың тазалығына,
бiлiм беру, денсаулық сақтаудың ақысыз
болғанына, жасөспiрiм балалар мен қараусыз қалған кәрiлерге деген
мемлекеттiң көмегiн жылы шыраймен еске алады. Жалпы алғанда,
бұрынғы Кеңес Одағынан
тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға
берiлiп, сол қоғамның көптеген жақсы жақтарын қайта жаңартып,
өмiрге енгiзуiмiз керек деген пiкiрлер бүгiнгi таңда аз емес.
Ал ендi тiкелей өзiмiз оқып отырған философия пәнiне келер
болсақ, жақын тарихымызда «маркстiк философия – дүниежүзiлiк
2,5 мың
жылғы тарихы бар философияның ең биiк шыңы» деген
пiкiрде болғанбыз. Содан кейiн,
өтпелi қоғамның шеңберiнде, оған
қарама-қарсы, маркстiк философияның жетiстiктерiн жоққа шығаруға
бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгерiп отыратын адамдардың
пiкiрлерi де көптеп пайда болды.
Әңгiменiң шынына келсек, маркстiк философия – адамзаттың рухани
iзденiсiнiң
көп шыңдарының бiреуi, оны асыра да, кемiте де бағалауға
болмайды, әсiресе оның гуманистiк, рухани жақтары осы уақытқа дейiн
миллиондаған адамдардың жүрегiнде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сiз
бұл iлiмнiң негiзгi қағидаларын зерттеп,
оны басқа iлiмдермен салыс-
тырып және бүгiнгi адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен бай-
ланыстыра отырып, өз бағаңызды берерсiз деген ойдамыз.
Маркстiк философияның негiзiн қалаған екi немiс ойшылы
Карл
Достарыңызбен бөлісу: