Серік Мырзалы философия оқу құралы


мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, қайталау



Pdf көрінісі
бет168/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   422
мен шексiздiк, мүмкiндiк пен шындық, зардап шегу, қайталау, 
түңiлу, өкiну, кiнә мен күнә, қайта туу т.с.с. Кьеркогердiң ойынша, 
бұл ұғымдар арқылы жеке адамның қайталанбас тебiренiстерiн беруге 
болады.
Өмiр сүру дегенiмiз – ол тебiрену, зардап шегiп, соның шеңберiнен 
шығуға бағытталған адамның iңкәрi. Өмiр сүру – адамның 
алдындағы мүмкiндiктердiң бiреуiн ерiктi түрде таңдап алып, өзiнiң 
қайталанбайтын ерекше болмысын iске асыру, тобырға ұқсамау, 
одан бөлiну. Өмiр сүру дегенiмiз – iшкi шектелген мен шексiздiктiң 


247
арасындағы таңдау, соған байланысты үрей, шешiм және секiрiс. 
Кьеркогердiң ойынша, шешiм еш нәрсеге байланысты емес, ол тұлғаның 
ерiктi таңдауымен байланысты. Ал секiрiстiң өзi Гегельдiң айтып кет-
кен ұғымынан өзгеше – ол ешқандай дәнекерлiктi талап етпейдi, ол – 
зерденiң шеңберiнен шығып кететiн рухтың iс-әрекетi. 
Жоғарыда байқағанымыздай, Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасы 
философиядағы жалпы ұғымдардың өзара байланысы мен бiр-бiрiне 
өтуiнен анағұрлым алшақ жатыр. Мұнда бiз тек адамның iшкi жан-
дүниесiнiң тебiренiсiн көрсететiн «сезiмдiк ұғымдарды» байқаймыз.
Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: қалай өмiр сүру, не болу керек, 
не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде 
Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң үш саты-
сын суреттейдi. Олар – эстетикалық, этикалық және дiни сатылар. 
Адам өмiрiнiң бiрiншi эстетикалық сатысында тiкелей сезiмдiк 
өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың 
түсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззат алу 
ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде 
өмiр сүредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр 
көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқ байланыстарға түсу, 
қоғамдағы сәнге айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен 
сағаттан, әрбiр сәттен ләззат алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe 
diem, carpe horam! (әрбiр күн мен сағаттан ләззат ал!). Бұл өмiр салты 
адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан 
шығармайды.
Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. 
Ол ләззат алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ келесi сезiмдiк 
ләззат бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi 
бiркелкiлiк, қайталанушылық – эстетикалық өмiр салтының қас жауы. 
Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық 
жеңiске жетуге тырысса, Иоан – нәпсiқұмар әртүрлi нәзiк те өткiр ләззат 
алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық 
өмiр салты сарқыла бастайды – қайталанбайтын қайталанады, өткiр 
сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне 
бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге 
келiп, тiптi одан күдер үзуге әкеледi. Ақырында, дағдарыстағы 
тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi – сол 
бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi – одан аттап өтiп, 
келесi сатыға көтерiлу.
Келесi өмiр сатысы – этикалық. Егер эстетикалық өмiр салты 
ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам iзгiлiк жолына 
түсiп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепiлiне айна-
лады. Эстетикалық өмiр салтында адам өз-өзiн қанағаттандырса, 


248
этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада 
үлкен қайшылықтар пайда болады – адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi 
оны бiр жаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары 
оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, 
адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пендеге айналады. 
Бұл бағыт барған сайын тереңдей түсiп, қайғылы қайшылықтарға 
әкеледi, өйткенi уақытқа тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның 
сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. 
Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пенде 
бола алмады. Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа 
күнәлiгiнен көредi.
Бұл арада «әлде-әлде» принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi 
екi сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан «ол да емес, бұл да 
емес» деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам 
үшiншi, соңғы сатыға өту шешiмiне келiп, қасіретті секiрiстен өтедi. 
Бұл саты дiни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға 
ренжiп, олардың ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр 
сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi 
ұмыт қалдырғаны туралы айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам 
ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам күнәлi 
пенде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап, Құдайдың өзiмен сұхбатқа 
түсiп, өз-өзiн табады. Ал мұның өзi үлкен зардап шегу арқылы келмек.
Дiни сатыны айқын суреттейтiн – Киелі кітаптағы Ибраһимнің 
бейнесi. Ол Құдайға сенуiнiң кепiлi ретiнде өзiнен туған сүйiктi 
жалғыз баласын құрбандыққа шалуға дайын. «Үрей мен қалтырау» 
деген еңбегiнде Кьеркогер осы Киелі кітаптың сюжетiн толығынан 
егжей-тегжейлі талдап, дiни және этикалық сатылардың арасындағы 
шешiлмейтiн терең қайшылықтарды көрсетедi. Расында да, мораль-
дық жолмен талдағанда, Ибраһимнің iсi адамгершiлiктен өте алшақ, 
ол моральдық парызды ғана бұзып қойған жоқ, үлкен кешiрiлмейтiн 
қылмысқа шейiн баруға дайын. Ибраһим мен Сократтың ниеттерiнiң 
арасындағы қашықтық – шексiз. Сократ у iшiп, өзiнiң өмiрiн моральдық 
принциптi орындау жолында қияды. Ал Ибраһимге болса, ол Құдайдың 
әмiрiн орындау жолында, соған сенгендiктiң кепiлi ретiнде, өз туған 
баласын бауыздап, содан пайда болатын бүкiл ауыр моральдық жүктi, 
күнә мен кiнәнi мойнына алуға дайын. Мұндай өте қиын қайшылықтар 
өмiрдiң қарама-қайшылықтарын тудырады. Сөйтіп, «қарама-
қайшылық» ұғымы Кьеркогердiң өмiр сүру диалектикасының негiзгi 
санаттарының бiреуiне айналады. Қарама-қайшылық дегенiмiз – 
адамның iшкi өмiрiнiң қайшылығынан шығатын өмiр сүру зар-
дабы. Егер эстетикалық өмiр сатысының негiзгi санаты – ләззат алу, 
этикалық сатыда – парыз болса, дiни сатыда ол – зардап шегумен тең. 


249
Адам – зардап шегуге жаратылған пенде. Өмiр – зардапқа толы. Өмiр 
сүру дегенiмiз – зардап шегу. 
– Әрине, адамның бұл өмiрде зардап шегуi – сонау көне заманнан 
осы уақытқа шейiн талданып келе жатқан мәселелердiң бiрi. Бiрақ 
Кьеркогер оны өте өткiрлеп күшейтедi. Оның ойынша, зардап шегу тек 
өмiрдiң өзiнен шығып қана қоймайды, ол – қажеттi, керек қылатын 
нәрсе. Егер бiз зардап шегудi мойындап қана қоймай, сонымен қатар оны 
сүйетiн болсақ, сонда ғана бiз өмiр сүру деңгейiмiзде бақытсыздықтан 
биiктеп, бақыттың өзiнен асып түсемiз, – дейдi ұлы ойшыл. Олай 
болса, адам өзiнiң өмiрiн жеңiлдетiп, зардап шегуден қашудың орнына, 
оны, керiсiнше, ауырлатуы, күрделендiруі қажет – сонда ғана бiз 
бақытсыздық пен бақыттылықты аттап өтiп, олардың арасындағы 
қайшылықты жоя аламыз. Әрине, Кьеркогердiң бұл идеялары хри-
стиан дiнiнiң ғасырлар бойы уағыздаған қағидаларына қарсы келдi
Соңғылар дүниедегi зұлымдық, әдiлетсiздiк, зардап шегу – Құдайдың 
алғашқы көрсеткен дұрыс жолынан адамның ауытқуынан шықты
ал жаратылған бұл дүние, жалпы алғанда, мiнсiз деген пiкiрде болса, 
Кьеркогер осы дүниенiң зұлымдық пен зардапқа толы екендiгiн айтады. 
Бiрақ ол үшiн бiз Құдайды сынаудан алшақ болуымыз қажет. Құдайға 
сену ешқандай оған күмәндануды қажет етпейдi. Сенiм дегенiмiз – 
қарама-қайшылық, ол жекелiктi – жалпылықтан, жердегiнi – аспан-
нан, өтпелiнi – мәңгiлiктен, жеке сенiмдi моральдық қағидалардан 
жоғары ұстауды талап етедi. Сенiм – жеке адам таңдауының iсi, ерiктiң 
шешiмi, секiрiс, тәуекелдiк, ғажайып, абсурд. Тертулианның уақытында 
айтқан «Credo, quia absurdum est» (сенемiн, ақыл-ойға сыймағаннан 
кейiн) деген нақыл сөзiн Кьеркогер өзiнiң шығармашылық еңбегiнде 
ғана емес, сонымен қатар өзiнiң өмiрiмен дәлелдегендей, – ол сияқты, 
өзiнiң Регина Ольсенге деген махаббатын Құдайға сенудiң жолында 
құрбандыққа шалды. Тертуллианның өзi де мұндай шәкiртiм болады 
деп ешқашанда армандамаған болар.
Өз уақытында бағаланбай, ұмыт болған ойшыл ХХ ғ. шарықтаған 
даңққа ие болды. Ал оның себебiн бiз келесi тараудағы кiрiспе сөзiмiзде 
айтатын боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет