253
мүмкiндiгiн алуы жөнiнде бiршама терең ойлар айтты. Бiрақ олар Батыс
Еуропа халықтары цивилизацияның бүкiл адамзаттық құндылықтары
мен нормаларын iске асырды деген жалған ойда болды.
Славянофильдер қарама-қарсы бағытта болды.
Олардың ойынша,
орыс мәдениетi православиелік дiннiң шеңберiнде дамуы керек. Олар
«патшанікi – патшаға, Құдайдікi – Құдайға» деген қағиданы ұстады.
Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал iшкi
жаңару – православиелік халықтық мәдениеттiң iсi.
Тек iшкi рухани
жаңарудың негiзiнде ғана iзгi қоғамды орнатуға болады. И.В.Киреевский
мен А.С.Хомяков Еуропадағы ағартушылық өзiнiң iшкi мүмкiншiлiгiн
сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүрiп
жатыр деген көзқараста болды.
Қоғамды реформалаудағы негiзгi мәселелердiң бiрi – Ресей қоғамы
жекелiк, я болмаса
қауымдастық негiзiнде дамуы керек пе? –
деген
сұраққа жауап ретiнде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмiр
сүру – Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың
шеңберiнде ғана рухани бiрлiк бар.
Қоғамның дамуының негiзiнде
бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керiсiнше, адамды сүю, достық,
өзара көмек беру жатуы қажет.
«Бiз сүйiп сенемiз, олай болса, өмiр
Достарыңызбен бөлісу: