Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет176/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   422
сандрович Бердяев (1874-1948 жж.) болды. Негiзгi еңбектерi: «Ерiктiк 
философиясы. Шығармашылық мағынасы», «Тарих мағынасы», 
«Өзiндiк тану» т.с.с.
Оның ойынша, философия – рухты зерттейтiн iлiм, яғни адамның 
өмiр сүруiне, сол арқылы болмыстың мән-мағынасын ашуға 
бағытталған пән. Ғылым сыртқы дүниенi зерттесе, философия адамның 
iшкi рухани өмiрiне үңiледi. Сондықтан философия объективтi емес
ол – әрқашанда субъективтi.
Н.А.Бердяевтiң ойынша, экзистенциалдық философия адамның 
өмiр сүру диалектикасынан, сол арқылы жалпы дүниенiң өзiн таниды. 
«Таным дегенiмiз субъектiнiң болмысты бейнелеуiнде емес. Таным 
әрқашанда шығармашылық жолмен жүрiп, мән-мағынаға жетуге тыры-
сады. Адамның құпиясын танып-бiлу – болмыстың құпиясын танып-
бiлумен тең».
Адам абсолюттiк болмыстың алдында тұрып, оны танып-бiлгiсi 
келедi. Бұл мақсатқа жеткiзетiн екi-ақ жол бар. Ол өзiн дүниенiң бiр 
бөлiгi ретiнде сезiнiп, оған терең шомылуы мүмкiн. Бiрақ ол жол 
нәтиже бермейдi, өйткенi бөлшек бiртұтастыққа жете алмайды.
Екiншi жол – өзiңнiң дүниеге деген маңыздылығыңды сезiнiп, өз 
болмысыңды бүкiл дүниенiң өзегi ретiнде қарасаң, онда өз тереңдiгiңе 
үңiлу, оны танып-бiлу – бүкiл болмысты танып-бiлумен тең болады. 
Мұндай көзқарас көне замандағы гректердiң «макрокосм» және 
«микрокосм» идеяларына кетедi. Адам «кiшi ғарыш» ретiнде «үлкен 
ғарышқа» сай келедi. Сондықтан сыртқы болмысты тану үшiн өзiңнiң 
iшкi болмысыңды бiлуiң қажет.
Н.А.Бердяевтiң философиясының негiзгi санаты – еркіндік. Оның 
ешқандай өлшемi, шегi, түбi жоқ, оны ештеңемен теңеуге болмайды. 
Оның оқшаулығын түсiну – оның болмысқа дейiн өмiр сүргенiн 
мойындаумен тең. Бұл арада Н.А.Бердяев Ортағасырда өмiр сүрген 
Я.Беменiң: «Құдайдың өзi түбi жоқ тұңғиықтан пайда болды», – 
деген пiкiрiн қолдап, сол алғашқы «түбi жоқты» ерiкпен теңейдi. Сол 
алғашқы тұңғиықтан шыққан Құдай дүниенi жаратады. 


258
Осы арада Н.А.Бердяевтiң философиясының ғажап қызықты жағын 
көремiз. Ол – алғашқы Ерiктiк пен Жаратушы-Құдайдың арасындағы 
дуализм, қайшылық. Құдай дүниедегi зұлымдыққа жауапты емес, 
өйткенi Оның Өзiнiң негiзi жоқ, Ол Өзi шыққан түбi жоқ ерiктiкке 
ештеңе жасай алмайды. Керiсiнше, Құдайдың Өзiнiң болмысына, содан 
кейiн оның дүниенi жаратуына жол ашқан сол алғашқы Ерiктiк емес 
пе? Олай болса, адамның өзi, бiр жағынан, Құдайдың жаратқан пендесi 
болса, екiншi жағынан, түбi жоқ ерiктiктiң нәрестесi. Сондықтан ерiктiк 
бүкiл адамның iс-әрекетiн баурайды. Ерiктiк дегенiмiз – еш нәрсеге 
тәуелсiз таза сана, күш-қуат.
Белгiлi бiр «метафизикалық ессiз кезеңде» ерiктiк өзiн Құдайға 
қарсы қойып, онымен күресе бастады. Ол барлық жаратылған дүниеге, 
адамның өзiне де тарады. Сондықтан дүние мен адам зұлымдыққа 
белшесiнен батты, ал Құдай оған еш нәрсе жасай алмайды, өйткенi 
Ол ерiктiктi жаратқан жоқ. Мiне, осы сәтте дүниеге Мәсіх келiп, 
бүкiл дүние мен адамдардың күнәларын өз мойнына алып, тұңғиыққа 
тереңдеп, оны өз сәулесiмен жарқыратады. Сонымен Н.А.Бердяев 
Құдайдың ессiз ерiктiктi жеңетiнiне сенгенмен, бiрақ, оған үзiлдi-
кесiлдi кепiл беруден бас тартады.
Н.А.Бердяевтiң философиясындағы негiзгi болмыстық санат – ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет