Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет177/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   422
адамның өзi, өйткенi ол дүниенiң ортасында, оның тағдыры дүниенiң 
тағдырын анықтайды. Адам мен дүние Құдайдың өмiрiн байытады
өйткенi адам – рухани пенде, ол iзгiлiк пен әсемдiктi сүйедi. Екiншi 
жағынан, ол – ең жоғарғы материалдық құрылым, бүкiл дүниенiң 
барлық элементтерi оның бойында бар, сондықтан ғарыш оның 
шығармашылық iс-әрекетiн қабылдайды.
Сонымен, адам – қайшылықты пенде, ол «табиғаттық дүниедегi 
үзiлiс», оны түсiну үшiн одан да жоғары – Құдайға деген оның қарым-
қатынасын бiлу қажет. Оның ойынша, осы уақытқа дейiн адам өзiн 
Құдайға тәуелдi пенде ретiнде түсiнiп келдi. Ал тәуелдiлiк бар жерде 
шынайы махаббат жоқ. Сондықтан Құдай мен адамның арақатынасы 
нағыз ерiктiкке негiзделген, махаббаттың құпиясы, мiне, осында. Адам 
Құдайды қажет етсе, Құдай да адамды қажет етедi, өйткенi оның 
өзiнiң негiзi жоқ, ол адамсыз өзiнiң жалғыздығын сезiнедi... Демек, бiз 
адамның құдайлығын, Құдайдың адамдығын көрсетуiмiз керек. Тарихи 
Мәсіхтің өзi алғашқы рет осыны паш еттi.
Құдай – рух, сонымен қатар адам да – рух. Олай болса, екеуiнiң 
шығармашылық жолда кездесуi ғана объективацияланған дүниеден 
адамды құтқарады (объективация – Бердяевтiң философиясындағы 
ұғым, идеяның, жалпы сананың мазмұнының, адамдардың қарым-
қатынастарының заттануын, адамнан жаттануын көрсетедi).


259
Ендi Н.А.Бердяевтiң тарих философиясына келер болсақ, онда 
«уақыт» санаты үлкен орын алады. Егер дүниедегiнiң бәрi шектел-
ген болса, соңы бар болса, тек шығармашылық арқылы ғана оның 
ар жағына өтiп кете аламыз. Шығармашылық мәңгiлiкке әкеледi, 
бiрақ ол шексiз уақыт емес, – уақытты аттап өтетiн жаңа сапа
Осы себептi тарихтағы шексiз жоғары өрлеудi қабылдауға болмайды. 
Тарихтағы соңғы «жұмақта» өмiр сүретiн буындар өткен шексiз санды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет