260
логикалық сатысын көрсетедi, олар – тағылық, мәдениет, цивилизация
және «дiни қайта өрлеу». Социалистiк өзгерiстер Ресейдi цивилизация
шеңберiне кiргiзiп, мәдениеттi тоқыратты. Мәдениеттi қайта жаңартуда
дiн шешушi қызмет атқаруы керек.
Орыс философиясындағы дiни антропология бағытының өкiлдерi
ретiнде
С.Н.Булгаков, С.Л.Франк және
Н.О.Лосскийдi атап өтуге
болады.
С.Н.Булгаковтың айтуына қарағанда, адам Құдайсыз өмiр сүре
алмайды, егер iшкi дүниеңде
Құдай болмаса, онда көңiл құлазиды.
Құдайға қарсы күрес, бiр дiндi тарату қажеттi түрде екiншi дiндi туды-
рады (мысалы, Кеңес заманында марксизм жаңа ағарған дiнге айналған
болатын. – С.М.). Алайда адамға Құдай сырттан келмейдi, оны ол өз
iшiнен табуы керек.
С.Н.Булгаковтың ойынша, шығармашылық дегенiмiз – ол «антро-
подицея» (адамды ақтау). Оның негiзгi себебi – дүние уақыттың
шеңберiнде өмiр сүруде, олай болса, ол
әлi соңына жеткен жоқ, дәл
қазiр жаратылу жалғасып жатыр. Ал адам болса, ол Құдаймен бiрге осы
дүниенi жарату iсiне, оны ары қарай жетiлдiруге атсалысуда. Адам –
Құдайға ұқсаған, Мәңгiлiктiң ұлы, Құдайдың рухын жалғастырушы.
Ол –
микротеос, оның iшiнде бүкiл дүниенiң күш-қуаты бар, ол –
болмыстың ең жоғары ортасы.
Достарыңызбен бөлісу: