28
ең биік мұратқа сай түрі деген пікір айтып, мидағы болып
жатқан
неше түрлі бұлдыр, көмескі үдерістердің өзі адамдардың материалдық
болмысынан шығады деген пікірді олар «Неміс идеологиясы»
деген
еңбектерінде ашық айтты.
Сонымен қатар марксизм адам санасының өзін тудырған материал-
дық үдерістерге белсенді кері әсерін тигізіп, оны жетілдіретінін
мойындады.
Философиядағы
материалистік ағым ең көне, бүгінгі таңда жан-
жақты дамыған жеке ғылымдардың нәтижелерін өз бойына сіңіріп,
адамзаттың ағарған бөлігінің дүниеге деген көзқарасы ретінде өзін
көрсеткісі келеді.
Бірақ бұл көзқарастың сонау тұрпайы
материализмнен бастап
диалектикалық материализмге дейінгі негізгі әлсіз жері – материалдық
қоршаған ортаның логикасы қайдан шықты? Дүниенің заңдылықтары,
оның дамуының қайнар көзі неде? деген сұрақ. Бүгінгі адамды: «Ол –
дүниенің ішкі қайшылығында, материяның бейнелеу қасиетімен байла-
нысты», – деген жауап толығынан қанағаттандыра алмайды.
Философияның негізгі мәселесін шешу жолындағы материализмге
қарама-қарсы бағыт –
идеализм (іdea – грек сөзі, ой, идея). Дүниенің
негізінде
субстанция ретінде рухани болмыс жатыр деген қайсыбір
дүниетаным мен дүниені қабылдауды біз
идеализм дейміз. Идеализм
адам өмірінің рухани жағын бірінші орынға қояды. Бұл ағым қайсыбір
белсенділік, шығармашылықтың қайнар көзі рухта деген пікір айтады.
Материя мойындалғанымен, ол енжар, болмыстың төменгі жаратылған
түрі ретінде ғана қаралады.
Идеализмнің қайнар көзі сонау мифологиялық дәуірдің өзіне барып
тіреледі. Өйткені алғашқы қауымның шеңберінде өмір сүріп жатқан
адам бүкіл дүниедегі құбылыстарды адамға ұқсатып түсіндіреді,
оларды жандандырады. Ары қарай жүре келе, адамның дерексіз ойлау
дәрежесі жоғарылаған сайын, идеализмнің дүниеге келуіне толық жол
ашылады. Өйткені қайсыбір дүниедегі
құбылыстарды бейнелейтін
жалпы ұғымдарда сол заттардың ішкі терең мәні берілген. Сезіммен
қабылданатын сол заттар күнбе-күн өзгеріп, тіпті өмірден кеткенмен,
ұғымның мағынасы тұрақты болғандықтан, ол өмірде қала береді.
Мәселенің екінші жағы –
қайсыбір нақтылы зат, құбылыс өзінің
ұғымына ешқашанда толық сәйкес келмейді (ханның қызында да
кемшіліктер бар). Сондықтан ұлы Абайдың «адам бол» деген нақыл
сөзінде терең сыр жатыр. Өйткені бұл дүниедегі өмір сүріп жатқан
миллиондаған адамдардың ішінен бірде-бір
адам идеясына толық
сәйкес келетін жанды табу мүмкін емес. Тірі адамның үлесі – өмірінің
соңына шейін күнбе-күн өзін жетілдіруге тырысу, сол адам ұғымына
жеткенінше сай болу. Олай болса, идеалистердің
айтуына қарағанда,
29
ұғым шынайы болмысқа жатса, нақтылы дүниеге келіп, біршама
уақыттан кейін дүниеден кетіп жатқан мінді заттар –
елес, жалған бол-
Достарыңызбен бөлісу: