Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет22/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   422
қарапайым өмірде де басқа мағынада қолданылатынын атап өтуіміз 
керек. Қарапайым адамдар материалист деп өмірде бардың барын 
алуға тырысатын, байлық пен мансап іздейтін, ләззат қуатын адам-
дарды айтады. Керісінше, идеалист деп өне бойы рухани ізденісте
өзінің мүддесінен гөрі, қоғамдық мүддені жоғары ұстаған, басқа 
адамдарға риясыз көмек беретін, өзінің ар-ұжданына кір келтірмеуге 
тырысатын адамды айтады.
Сонымен, бұл ұғымдардың екі мағыналығы толығынан бір-біріне 
сәйкес келмеуі мүмкін. Мысалы, өзінің философиялық көзқарасында 
материалистік бағыт ұстаған адам нақтылы өмір салтында идеалист 
болуы сирек емес. Керісінше, философиялық идеалистік бағыт ұстап, 
өзінің нақтылы өмірінде өзін металға (алтынға) сататын адамдар да аз 
емес, ал қазіргі заманда тіпті көбейіп келе жатыр.
Әңгіме материалист, ия болмаса идеалистік бағытта болу емес, сол 
шеңбердегі философияны саналы түрде игеріп, өмірдегі өз орныңды 
табуда болса керек. Философиялық даналықпен қаруланған адам 
бүкіл адамзатпен бірге қазіргі рухани ізденіске атсалысып, бүгінгі 
өркениеттің тамаша жетістіктерін игеріп, сонымен бірге оның қайғылы 
да аянышты қателіктерін түзеу жолында белсенділік көрсетсе екен 
дейміз.
§ 5. Философияның негізгі мәселесі. Екінші (танымдық) жағы
Философиялық ағымдардың қайсысы болса да, келесі үлкен 
сұрақтарға жауап береді. Адам қоршаған ортаның шындығын танып-
біле ала ма, әлде біле алмай ма?
Бұл сұрақ философияның үлкен тарауларының бірі – гносеологияның 
өзегін құрайды (gnosіs – грек сөзі, тану-білу, logos – ілім). Кейде гно-


32
сеология ұғымымен қатар эпистемология деген термин қолданылады 
(epіstema – грек сөзі, білім). 
Материалистік бағыттағы философтардың көпшілігі дүниені 
адамның танып-біле алатынына ешқандай күмән келтірмейді.
Ал объективті идеализмге келетін болсақ, олардың бір бөлігі 
дүниені танып-білуге болады десе, келесілері бұл мәселені теріс 
шешеді.
Адам дүниенің терең мәнін танып-біле алмайды, ол мүмкін емес 
деген көзқарасқа агностицизм деген атақ берілді (a – теріс бөлшек, 
gnosіs – тану).
Осы ағымдардың ішіндегі субъективті идеализм ғана үзілді-кесілді 
біржақты шешеді: бізді қоршаған дүниені танып-білуге болмайды, 
өйткені ол – жоқ. Әрбір адамның ішкі жан дүниесінен шығатын өз 
дүниесі бар. Ал сыртқы, яғни адамға әсерін тигізіп жатқан, одан 
бөлек өмір сүретін дүние жоқ. Әрине, мұндай көзқарас, бір қарағанда, 
қарапайым қайсыбір адамның дүниетанымына қайшы келіп, сандырақ 
сияқты көрінеді. Бірақ философиялық деңгейде оны теріске шығару 
біршама қиындықтар туғызады.
Енді дүниетануды мойындайтын философияға келетін болсақ, олар 
келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:
Адам дүниені қалай таниды?
Адам дүниені тану жолында қаншалықты дәрежеге көтеріле алады?
Тарихи тұрғыда бірінші сұраққа үш түрлі жауап берілді. Тарихи 
алғашқы пайда болған жауап – «қайсыбір таным тәжірибеден шығады». 
Мұндай танымдық тұжырымға эмпиризм (emperіa – грек сөзі, тәжірибе) 
деген атақ берілді. Сонау көне заманда пайда болып, эмпиризм 
танымдық тұжырымдама ретінде XVII-XVIII ғ.ғ. қалыптасады. Соны-
мен, егер танымның негізгі қайнар көзін тәжірибеде деп мойындаса, 
ондай танымдық бағытты біз эмпиризмге жатқызамыз. Эмпиризмге өте 
жақын тұрған танымдық ағым – сенсуализм (sensus – латын сөзі, сезім, 
қабылдау, түйсік). Сенсуализм таным үдерісіндегі сезімдік қабылдауды 
негізгі жол деп есептейді. Сенсуализмнің негізгі тұжырымдарының бірі 
мынадай: «Алғашқы сезімде болмаған – ақыл-ойда да жоқ».
Келесі таным теориясындағы ағым – рационализм (ratіo – латын 
сөзі, ақыл). Бұл ағым адамның ақыл-ойын, зердесін танымның өзегі, 
негізі ретінде қарайды.
Рационализм таным тұжырымы ретінде ХIХ ғ. дүниеге келеді. 
Тарихи рационализмнің негіздері сонау көне заманда пайда болады. 
Грек ойшылы Парменид сол көне заманда: «Сезімдік таным тек қана 
жалған пікірлер туғызады, ал ақыл-ой арқылы ғана нағыз ақиқатқа 
жетуге болады», – деген ой айтқан. 


33
Жаңа дәуірдегі математика, жаратылыстану ғылымдарының дамуы 
адамның ақыл-ойының құдіретін, оның табиғаттың ішкі сырын 
ашудағы зор мүмкіншіліктерін көрсетті.
XVII-XVIII ғ. ғылымның дамуы тіпті Европа топырағында үлкен 
идеологиялық ағымды – француз ағартушыларының ақыл негізінде 
дүниені тануға, қоғамды қайта құруға, адамдарды тәрбиелеудегі ақыл-
ойдың құдіретті күшіне зор сенім артуына әкеліп жеткізді.
Бұл замандағы рационализмді қолдайтын ойшылдар дүниені ақыл-
оймен қорытудың сезімдік танымнан анағұрлым терең екенін көрсете 
білді. Егер сезімдік таным жеке құбылыстарды, кездейсоқ нәрселерді 
ғана танып, шегіне жеткен жалпылық, қажеттілік деңгейіне көтере 
алмаса, ақыл-ой, зерде арқылы адам ондай дәрежеге көтеріле алады. 
Сөйтіп, ғылыми білімнің қайнар көзі, ақиқаттың анықтамасының 
бары – ақыл-ой, зердеде. Сондықтан Лейбниц сен-суализмнің «Алғашқы 
сезімде болмаған – ақыл-ойда да жоқ» деген тұжырымдамасына 
«ақылдың өзінен басқа» деген сөздерді қосып, адамның рационалдық 
танымының құдіретін көрсеткісі келді.
Әрине, ғылымның ары қарай дамуы рационализмнің біржақтылығы, 
сезімдік таныммен санаспауы ақыл-ойдың өзінің шындықтан алшақ 
кетіп қалып, оның адамды адастыруы мүмкіндігін көрсетті.
Сондықтан И.Кант: «Сезімдік таным ақыл-ойсыз толық емес, 
ақыл-ой сезімдік танымсыз – мазмұнсыз», – деген пікір айтып, таным-
ның екі жағын бір-біріне ұштастырды. Алайда Кант мұндай көзқарасты 
тек қана құбылыстар әлеміне таратып, «заттың өз ішіндегісін» танудан 
бас тартты.
Рационализмнің ең биік шыңы ретінде Гегельдің философиясын 
алуға болады. Бұл кісі дүниені абсолюттік идеяның басқа болмысы 
ретінде қарап, таным үдерісінің өзі абсолюттік идеяның өз-өзін танып-
біліп, өзіне жаңа дәрежеде – абсолюттік рух ретінде қайтып оралуы 
деп түсінді. Сондықтан дүниенің дамуын, адамзат тарихын Гегель 
абсолюттік идеяның логикалық жолмен өз-өзіне тереңдеуі деп түсініп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет