Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет21/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   422
бір ғана нәрсе бар, ол – рухтың, ойдың, жан-дүниенің, Құдайдың 
біріншілігі мен материяның, жаратылған дүниенің екіншілігі.
Идеализмнің философия тарихындағы екінші түрі – субъективті 
идеализм. Бұл философиялық ағымның ерекшелігі – тек қана жан 
дүниесінің өмір сүруін мойындау. Өйткені адам өз-өзіне үңіліп 
қарағанда, өзінің жан дүниесінен басқа ештеңе таппайды. Субъективті 
идеализмнің өкілі Дж.Берклидің айтуынша, «өмір сүру – қабылдауға 
келетін нәрсе ғана». Ал адамның санасындағы неше түрлі ұғымдарды 
алатын болсақ, олар бізді алдайтын жалған елестер, өйткені біз оларды 
нақтылы қабылдай алмаймыз. Әрине, бұл қағида материализмге де, 
объективті идеализмге де қарсы бағытталған. Мысалы, Дж.Берклидің 
айтуына қарағанда, материя ұғымы – жалған елес, өйткені біз оны 
өзіміздің жан дүниемізден таба алмаймыз. Біз нақтылы ағашты, үйді, 
басқа жанымыздағы адамдарды, машиналарды т.с.с. қабылдай аламыз, 
ал материяны ешкім өзінің жан дүниесінде елестете алмайды.
Олай болса, шындықтың өлшемі ұғымдар емес, адамның түйсіктері, 
солардың жиынтығы, жалпы адамның психикалық өмірі ғана (psyche – 
грек сөзі, жан дүниесі). Мұндай көзқарасты шегіне шейін қайшылықсыз 
созсақ, онда дүние дегеніміз – сол өмір сүріп жатқан субъектінің жан 
дүниесі ғана, басқа ештеңе де емес. Мұндай көзқарасты философияда 
солипсизм дейді (solus – латын сөзі, жалғыз, бір; іpse – өзім, жалғыз 
өзім ғана деген мағына береді). Әрине, мұндай көзқарас абсурдқа 
(absurdus – латын сөзі, беймағыналық) әкеліп тірейді.


31
Олай болса, адамның дүниетанымының шындығын қалай дәлелдеуге 
болады деген сұрақ пайда болады. Субъективті идеализм оған шарттық 
тұжырымдама арқылы жауап береді. Егер біздің дүниетанымымыз 
басқа адамдардың сезіміне сәйкес келсе, онда ол рухани болмыстың 
шындығын дәлелдейді. Ал рухани ортақ болмыстың болуының өзі оны 
тудырған Құдайды мойындауға әкеледі. Сөйтіп, субъективті идеализм 
өз шеңберінен шығып, ақырында, объективтік идеализммен ұштаса 
кетеді.
Қорыта келе, идеализмнің қай түрі болса да, рухты алғашқы күш 
ретінде мойындайды. Ал бұл ағымның әлсіз жағы – қалайша жоқтан 
бар нәрсе туады деген сұрақ, өйткені бүкіл адамзаттың тәжірибесі 
жоқтан барды туғызуға болмайтынын көрсетеді. Әрине, мұндай 
көзқарас қазіргі көзі ашық адамды толығынан қанағаттандырмайды.
Бұл арада біз материализм және идеализм деген ұғымдардың жай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет