35
Бұл қойылған сұрақтар философияның
праксеологиялық (іс-әрекет)
және
аксиологиялық (құндылық) жақтарын құрайды.
Мысалы, адам материалистік көзқараста болып, дүниенің танылаты-
нын мойындағанмен, айнала қоршаған ортаны – табиғат пен қоғамды
өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы өзгерте алатынына күмән келтіруі
мүмкін.
Бір
қарағанда, бұл сұраққа жауап жеңіл сияқты. Оған жауап
ретінде адам тағы табиғатта жоқ қалаларды, асфальт, теміржолдарды,
ұшақтарды т.с.с. көрсетуі мүмкін. Мұның бары де – адамның саналы
іс-әрекетінің нәтижесі. Бірақ экологиялық апаттар мен дағдарыстардың
дүниеге келуі, көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің кел-
меске кетуі, жалпы, айнала
қоршаған табиғаттың азғындауы, тіпті
адамдардың өздерінің физикалық табиғатының әлсіреуі – осының
бәрі жоғарыда көрсетілген жеңіл жауапқа күмән келтіруі мүмкін.
Олай болса, бұл сұрақ қазіргі адамзаттың рух тебіренісінің негізгі
мәселелерінің бірі болып саналады.
Негізінен, материалистік және идеалистік бағыттағы көп ойшыл-
дар адамның
шығармашылық іс-әрекетін, оның қоршаған ортаны
өзгертудегі мүмкіндіктерін мойындайды.
Әсіресе бұл мәселеге еш күмәнсіз қарап, рухтың құдіретін көр-
сететін ағым – ол субъективті идеализм. Оның себебі, олардың
пікірінше, адам өз дүниесін өзі құрайды.
Мұндай шешім адамның
шығармашылық іс-әрекетін жеке көрсетеді. Осыған орай, неміс фило-
софы И.Фихте айтқан:
«Әрекет ет, әрекет ет, тағы да әрекет ет!» –
деген ұранын келтірсек болғаны.
Бұл салада тағы да бір үлкен сұрақ пайда болады. Егер адам дүниені
саналы түрде қайта құра алатын болса,
онда ол оны қаншалықты
өзгерте алады?
Бірінші жауапты, негізінен, төмендегі көзқарасқа теңеуге болады.
Біздің шығармашылық іс-әрекетіміз дүниені толығынан өзгертіп, жаңа,
өзіміздің ойымызға сай өмірді туғыза алады. Мысалы, марксизмнің
коммунистік идеясын осы бағытқа жатқызуға болар еді. Сонымен, адам
өз болмысын шығармашылық іс-әрекеті арқылы толығынан дүниені
өзгертіп жасайды.
Екінші жауап мұндай дара көзқарастан бас тартып: «Адам дүниені
өзінің саналы іс-әрекеті арқылы
өзгерткенмен, оны толығынан қайта
құра алмайды, тек қана салыстырмалы түрде ғана басқа өзгертілген
дүние келуі мүмкін», – деген пікір айтады. Ал бұл көзқарас дүниені
өзгертуде адамның
«жеті рет өлшеп, бір рет пішуін», бүгінгі таңдағы
қажеттіліктерін болашақтағы өмірмен ұштастырып, волюнтаризмге
жол
бермеу жағына, айнала қоршаған ортаға өте ұқыптылықпен
36
қарап, адамның пенде екендігін, оның Құдай еместігін алаңдаушылық
сезіммен бізге жеткізеді.
Бұл мәселе әсіресе біздің жаңару үстіндегі қоғамда жүргізіліп жатқан
іс-әрекеттермен тығыз байланысты. Дүниені коммунистік тұрғыдан
толығынан өзгерту жолынан бас тартып, біз келесі біржақтылыққа –
«нарықтық жұмақ» орнату жолына түсіп кеткен жоқпыз ба? Біз неге
өткен қоғамның тиімді жақтарын ұстап қала алмадық? Біз қаншалықты
өзгерген қоғам орнатуымыз керек? Бұл сұрақтар – ашық сұрақтар.
Оқырман дүниеге деген өз көзқарасының шеңберінде бұларға өзі жауап
табуға тырысса екен дейміз.
Қорыта келе, философияның негізгі мәселесінің бірінші – онтоло-
гиялық жағы: «Бұл дүние не?» –
деген сұраққа жауап берсе, екінші –
гносеологиялық, праксеологиялық, аксиологиялық жақтары: «Бұл
дүниені қалайша танып-біліп, бағалап, өзгертуге болады?» – деген
сұраққа жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: