ХII тарау. ХХ ғасыр мәдениеті аясындағы философия
Кiрiспе сөз
Жаңа ғана көз алдымыздан өткен ХХ ғасыр тарихтың қойнауына
кiрiп, тыныштыққа ие болып жатыр. Болашақта оның адамзат тарихына
тигiзген ықпалы терең түрде талданып, анықталады. Дегенмен бүгiнгi
таңның өзiнде бiз оған көз жiберiп, оның адамзат тарихына тигiзген
орасан зор ықпалын, терең де ұшқыр қайшылықтарын, жетiстiктерi мен
кемшiлiктерiн т.с.с. талдауымызға әбден болады. Сонда ғана бiз осы
ғасыр тудырған философиялық ой-пiкiрлердi жете түсiне аламыз.
ХХ ғасыр адамзаттың дүниетану мүмкiншiлiгi мен соның негiзiнде
оны қайта өзгертудiң тамаша жетiстiктерiн көрсете бiлдi. Изиданың
жапқышының үстiндегi «Мен – Солмын, болғам, болып жатыр-
мын және болашақта болам да, өтпелi пенде менiң жапқышымның
етегiн ешқашанда көтере алмайды», – деп жазған сөздердi адамзат
ХХ ғасырда терiске шығарған сияқты. Осы ғасырда табиғаттың ең
терең құпиялары ашылып, адам игiлiгiне жұмсала бастады. Мысалы,
бүгiнгi Францияда қоғамға қажет электр қуатының 68 пайызын атом
электр станциялары бередi! Бүгiнгi адам ми далада жүрiп, ұялы теле-
фонмен ғарыш арқылы мыңдаған шақырым алыстықта өмiр сүрiп
жатқан жолдасымен, я болмаса әрiптесiмен сөйлесе алады, компьютер
арқылы неше түрлi ақпаратты қабылдап, өзiнiң бiлiмiн өсiрiп, өмiрде
пайдаланады. Лондонның «Хитроу» аэропортынан «Конкорд» деген
дыбыстан да жүйрiк ұшаққа мiнiп, бiрнеше сағаттан кейiн жердiң
ана жақ бетiндегi «Кеннеди» атындағы әуежайға қонып, АҚШ-тан
бiр-ақ шығуға болады! Бүгiнгi таңда ғарыштағы жасанды жерсерiктер
мұхиттағы балықтардың жиналған жерiн анықтап, сол жерге кемелердi
жiбередi, қай жерде қандай табиғи байлықтар барын болжай алады, ауа
райы жөнiнде мәлiмет берiп, т.с.с. ақпараттар жеткiзедi. ХХ ғасырда
жасалып, бүгiнгi миллиардтаған адамдардың өмiрiне кеңiнен кiрген
заттардың iшiнен машиналар мен ұшақтарды, неше түрлi байланыс
жүйелерiн, радио мен теледидарды, компьютерлердi, жасанды матери-
алдарды т.с.с. атап өтуге болар едi. Бұлардың бәрi де тек ХХ ғасырда
пайда болып, өмiрдi күрт өзгерттi! ХХ ғасырда пайда болған өндiргiш
күштердiң қуаты бүкiл адамзат цивилизациясының бұрынғы 4-5 мың
жылдардағы жасағанынан анағұрлым асып түседi! Бұл айтылған
деректердiң бәрi де болашаққа деген оптимистiк өмiр сезiмiн туды-
рып, табиғаттың барлық стихиялық күштерi ертелi-кеш игерiледi деген
Достарыңызбен бөлісу: |