322
Шығыс елдерiнде өндiргiш күштер осы уақытқа шейiн төмен деңгейде,
кедейшiлiк, күнбе-күнгi ең қажеттi нәрселердiң жетiспеушiлiгi – көп
жылдарға созылған ауруға айналды.
Сонымен қатар кейбiр Шығыс елдерi (Жапония, Малайзия, Синга-
пур, Оңтүстiк Корея т.с.с.) өз дiлi мен мәдениетiн
сақтаудың негiзiнде
ең соңғы озық технологияларды игере бiлiп, постиндустриялық циви-
лизация сатысына көтерiлдi. Осы жолмен тез қарқынмен дамып келе
жатқан, жаңа ғана тiзесiнен көтерiлiп болашаққа ұмтылған алпауыт
Қытайды да атап кетуге болады.
Өз егемендiгiн алған қазақ елiнде реформалар басталғаннан кейiн,
көп ұзамай
либералдық-демократиялық саяси бағыт басымдыққа
ие болды. Алайда бiздiң пәнiмiз саясаттану емес, философия бол-
ғандықтан, бұл салада қандай ойлар пайда болғаны туралы сұраққа
жауап берейiк.
«Шындық Батыста. Бүгiнгi таңдағы артта қалған елдер ертелi-
кеш Батыс цивилизациясының соқпағына түсiп дамиды.
Олардың
ұлттық мәдениетi, дiлi ертең-ақ қоғамдық сананың шетiнде қалып,
«универсалдық» Батыс «mass media» толығынан өз басымдығына
жетедi – бұл бүкiладамзат дамуының негiзгi жолы», – деген пiкiрдi бiз
Достарыңызбен бөлісу: