323
қабылдап, өзгеруiмiз керек. Сонда ғана
бiз өз-өзiмiздi сақтап қалып,
трансұлттық корпорациялардың тудырған жаңа мәңгүрттерiне айнал-
маймыз – жеке тұлғаның ерiктiгi әрқашанда қоғамдық мүдденiң
шеңберiнен шықпай, құзға кетiп бара жатқан «соқырдың ерiктiгiне»
ұқсамауға тиiс. Бұл бағыттың жақтаушылары зиялылар арасында өте
көп болғанымен, қазiргi саясатта олардың үндерi әлсiз естiледi.
Жалпы алғанда,
либералдық-демократиялық саясаттың өзi нақ-
тылы ащы шындықтың негiзiнде дүниеге келген болатын. Егемен-
дiктi алу барысындағы қалыптасқан iшкi және сыртқы ахуалдың өзi
бiзге
басқа жолды таңдауға мүмкiндiк бермедi. Өкiнiшке қарай, оны
егжей-тегжейлі талдауға кiтаптың көлемi мүмкiндiк бермейдi.
Сонымен қатар қоғамның тез арада байлар мен кедейлерге жiктелiп,
олардың арасындағы алшақтықтың өсуi, «байлық
пен бақытты болу
жақсы» деген идеологияның негiзiнде руханияттың жүдеуi, қоғамның
бiршама бөлiгiнiң, әсiресе буыны қатаймаған, өмiрден алған тәжiрибесi
тайыз жастардың батыстық
тойымсыздық пиғылына өтуi, осыған бай-
ланысты «әлеуметтiк ауытқушылықтың шектен тыс өсуi, жекешендiрiлу
жолында жасалған келеңсiз жайттар т.с.с. әлеуметтiк наразылықты
күшейтiп, билiк басындағылар жүргiзiлiп жатқан саясатқа түзетулер
енгiзуге мәжбүр болды. Қазiргi таңда жүргiзiлiп жатқан саясаттың
Достарыңызбен бөлісу: