Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет237/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   422
§ 2. Феноменология
Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ. келесi ағым – фено-
менология. Негiзiн қалаған – Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж.). 
Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде «Заттардың өзiне қарай!» деген ұран 
тастады, өйткенi сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным 
жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста 
болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк 
деректердiң негiзiнде «тiкелей берiлгенi» жөнiндегi қағидасына қарсы 
бағытталған болатын.
Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы 
да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр
Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы – осы ұғымдардың айырмашылығын 
елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз – бұлдыр, айқын емес бiлiм, жеке мүдденiң 
шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде «теория» 
деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағынасы – бимүдделi аңлау. 
«Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық 
көкжиегiн көре алады», – деп қорытады Э. Гуссерль.
Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты – сананы тазарту, 
оның адамзат тәжiрибесi, тарихи үдерістен тыс өмiр сүретiн алғашқы 
құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi – ол 
бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн 
сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол – өз-өзiн аша-
тын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология – 
айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-
мағынаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы 
берiледi. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесiндегi тебiренiстер, 
сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi – оның интенционалдығы 
(intentio – латын сөзi, ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, 
соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой фор-
малары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың 
құрамдас бөлiктерiн неше түрлi мән-мағынаға толықтырады.
Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға 
қалайша мән-мағына бергенiн байқамай қалады да, оларды санаға 
тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi 
бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал, шынына келгенде, санадан тыс 
өмiр сүретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi 
санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп, ажырамайтын феноменге 
айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi бiр 
мағына берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа түседi. Бұл арада, 


335
бiр жағынан, дүниетануға бағытталған iс-әрекет – ноэзис бар, екiншi 
жағынан, осы таным үдерісiнде ашылған мазмұн – ноэма бар. 
Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дүниетанымның 
негiзiнде «өмiрлiк дүние» жатыр. Ол – «барлық адамдарға мәлiм», 
«тiкелей анық», «адамның көзi жеткен», өмiрде кең қолданылатын
ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан «өмiрлiк 
дүние» бүкiл адамның дүниетанымы негiзiнде жатыр. Ол «алдын ала 
берiлген көкжиек», адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы 
мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын 
пайда болған, сондықтан барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, 
дүниетанымының алғышартын құрайды. ұғымдық сараптау арқылы 
жүретiн ғылыми таным – әрқашанда шектелген, толық емес, ал «өмiрлiк 
дүние» – әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым 
жоғары.
«Өмiрлiк дүние» неше түрлi мән-мағынаға толы, солар арқылы 
бiз заттарды танып, оларға мән-мағына беремiз. Бiрақ адамдардың 
көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сүрiп жатқан заттарды танып-
бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам «өмiрлiк 
дүниеден» шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан фено-
менология осы неше түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда бола-
тынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза 
формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль «эпохе» әдiсiн 
қолданады. «Эпохе» дегенiмiз – феноменологиялық редукция (қысқарту) 
арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi 
байланыстарын «жақшаға алу», «сөндiру» құралы. Осының арқасында, 
заттың «эйдосы», яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға 
ашылады.
Сөйтіп, таза сананы ашқанда, бiз одан «Абсолюттiк Мендi» (субъ-
ективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке түсетiн 
барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағына бередi екен. Олай 
болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал 
сана өзiн-өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.
Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ. көп ағымдарға өз ықпалын 
тигiздi. Әсiресе герменевтика мен экзистенциализмге. Ендi сол бағыт-
тарды талдауға көшейiк.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет