линарлық (пәндiк) матрица (негiз). Оның негiзгi элементтерi ретiнде
ол символдық жалпылау үлгiлерiн, тұжырымдық үлгілерді, ғылыми
қауымдастық мойындаған құндылықтарды және ғылыми тұрғыдан
шешiлген үлгiлердi қарастырады. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың
үстемдiгi оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi: бiрте-
бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары
қарастырылып жетiледi т.с.с. Бiрақ ол өне бойы олай болмайды, кейбiр
ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде
түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадиг-
маның құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның даму-
ында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына,
бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа
парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын
мойындап, нәтижелi зерттеулер жүргiзе бастайды. Сөйтіп, бәрi де тағы
қайталанады.
Ғылымның дамуына деген мұндай тарихи көзқарас неопози-
тивизмнiң көп ағымдарына қарсы болды. Сонымен қатар Т.Кунның
екiншi жетiстiгi – ол тәжiрибелiк деректердiң неопозитивизмдегi
басымдылығын терiске шығарып, ғылымда парадигмаға тәуелсiз
деректердiң жоқ екенiн дәлелдедi. Парадигманы игерген ғалым
деректердiң бәрiн соның «сәулесi» арқылы көредi. Деректер теорияны
сынамайды, керiсiнше, теория қандай деректердi тәжiрибеге енгiзу
керек екенiн пайымдап, анықтайды.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi Пауль Фейерабендтiң ойынша,
ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған тео-
риялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекелестiк
пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пай-
даланылатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие
болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға енгiзiлсе, олардың
мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан оларды бiр-бiрiмен салыстырып
баға беру мүмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын
жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекелестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен тео-
рия ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол – соны
қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым – қоғам
өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты: оның дiн, миф,
философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан олардың бәрi де
тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды неопозитивизм ағымының
шығармашылық әлеуетінің сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен
неопозитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар –
олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланылады.
334
Достарыңызбен бөлісу: |