«қатты өзегi» болады, оған iргетасы терiске шығарылмайтын
қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған «қорғайтын шеңберге» келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы бағдарламаның
өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып
жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның
орнына жаңа гипотеза келедi.
«Ғылыми-зерттеу бағдарламасының» ары қарай өрлеу мүмкiндiгiн
қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның
теориялық өсуi оның эмпириялық өсуiнен алда жүрсе, яғни теориялық
түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол –
өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теориялық түрде
жалпылау, түсiну дегенiмiз – ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын
арада оның басқа «ғылыми-зерттеу бағдарламасына ауыстырылатынын
көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы – неше түрлi зерттеу бағдарламаларының
бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң
ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идея-
лар мен әдістемелердің бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына
ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi
жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi – Томас Кун. Ол ғылым фило- софиясы ағымына жатады. Ғылым дегенiмiз – белгiлi «ғылыми
қауымдастықтың» басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт.
Олар белгiлi бiрегей теория, әдістеме, дүниеге деген көзқарас ұстаған,
нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым.
Олардың бәрiн бiрiктiретiн – ғылымдағы парадигма. Өзiнiң «Ғылыми революциялардың құрылымы» деген еңбегiнде Т.Кун: «Парадигма
деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде
ғылыми мәселелердi шешу жол-дарын көрсететiн барлығының мойын-
даған ғылыми жетiстiктерiн айтамын», – дейдi. Парадигма белгiлi
бiр ғылыми қауымдастықтағы әдістер мен iзденiс жолдарын, ғылыми
ахуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол
парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi қайсыбiр
333
теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа
парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек.
Т.Кун парадигмаға соңынан екiншi атау бередi – ол дисцип-