374
зат, құбылыс т.с.с. ұғымдар пайда бола бастайды. Сонымен қатар адам
өз дербестігін, ерекше болмысын сезініп қана қоймай, оны айнала
қоршаған
ортамен байланысын, сонда өмір сүріп жатқан заттар мен
құбылыстардың өзара байланыстарын да байқайды. Өйткені оған
тірі жан ретінде тамақ ішуі,
баспана іздеуі, басқа аңдардан қорғануы
т.с.с. қажет. Бұл қажеттіліктердің өтелуі айнала қоршаған заттар мен
құбылыстарды пайдалану арқылы ғана іске асуы мүмкін.
Алғашқы уақытта адамның өмір сүру барысында пайдаланған зат-
тары әрқашанда
ерекше, дара, жалқы, қайталанбайтын, бұрын-соңды
оның өмірінде кездеспеген сияқты болып көрінеді. Ол оның белгілі бір
қажеттіліктерін
өтегеннен кейін,
есінде сақталмай қоймайды. Соны-
мен қатар адам өзінің өмір сүру барысында сол қажеттіліктерді өтей
алатын басқа заттар мен құбылыстарды да кездестіріп,
оларды пай-
даланады. Сондықтан оның басында даралық, жалқылық ұғымымен
қатар, бірнеше,
көп ұғым пайда болады. Мысалы, шие де, алма, алмұрт
та бір қажеттілікті өтейді. Олардың барын салыстыра келе,
адамдар
Достарыңызбен бөлісу: