419
езілген саз сияқты. Оны дүниеге келтіретін, дамытатын – форма ғана.
Материя – формасыз, форма материясыз өмір сүре алмайды.
Жаңа дәуірде материяның ішкі өзіндік күш-қуатын мойындап,
оның белсенділігі мен форманың оған тәуелділігін көрсеткен Ф.Бэкон
болған-ды.
Тарихи түрде Гегель алғашқы рет мазмұн санатын философияға
енгізіп, оны материя мен форма арасындағы дәнекер ретінде қарайды.
Маркстік философияда мазмұн мен форма даму үдерісін анықтауда
пайдаланылатын санаттар ретінде қаралады.
Бүгінгі таңдағы
нәтижелерге келер болсақ, мазмұн мен форманы
бір-бірінен айыруға болмайды, қайсыбір мазмұн формаланған, форма –
мазмұнды; олар қайшылықты бірлікте, даму үдерісінде бір-біріне өтуі
мүмкін; бір-біріне сай келгенде ең тиімді даму үдерісі жүреді.
Мазмұн мен форманың арақатынасын талдауда бір-біріне қарсы
екі пікір бар. Сонау Аристотельден келе жатқан көзқарас – форманың
белсенділігі.
Екінші,
негізінен алғанда, маркстік философиядағы көзқарас –
мазмұнның бастаушылығы мен форманың тұрақтылығы. Заттың
мазмұны басқалармен өне бойы байланыста болғаннан кейін өзгеріске
ұшырап, белгілі бір кезеңде ескі формаға сыймай, оны өзгертеді, жаңа
пайда болған форма мазмұнның ары қарай дамуына жағдай туғызады.
Біз, жалпы алғанда, екінші пікір дұрыс па деген ойдамыз. Сонымен
қатар қоғам өмірінде саналы адамдар өмір сүргеннен кейін, олар жаңа
формаларды тудырып, мазмұнды соған сай етіп өзгертеді. Ол әсіресе
айқын өтпелі даму кезеңдерінде көрініп отыр. Экономика саласындағы
жаңа меншік формаларын өмірге енгізу шаруашылық үдерістерінің
күрт дамуына жағдай жасады. Муниципалдық, зейнеткерлік рефор-
малар жаңа формаларды енгізу арқылы жүруде,
соның арқасында бұл
салаларда да үлкен өзгерістер байқалады; қоғам өміріне жаңа форма-
ларды енгізу, негізінен алғанда, жаңа заңдарды қабылдау арқылы іске
асып жатыр.
Мұндай мысалдарды көбейте беруге болар еді,
оның бәрі де қоғам
өміріндегі форманың белсенділігін, оның мазмұнға қарағанда алда
жүретінін көрсетеді.
Сонымен қатар форманың мүмкіндіктерін асыра бағалау формализм
деген теріс құбылысты тудырады. Ол әсіресе басқару жүйесіндегі шен
иелерінің қызметіне байланысты. Ондай адамдарды халық «қағаздан
жасалған жан» (бумажная душа) деп атайды. Олар мәселені мазмұнына
қарап шешудің орнына, неше түрлі ұсақ-түйекке арқа сүйеп, тежейді.
Реформа барысындағы көп өзгерістер өмірге жаңа заңдар, форма-
ларды енгізуге байланысты екенін жоғарыда көрсеттік. Бірақ, сонымен
қатар барлық енгізілген жаңалықтар жақсылыққа әкелді деп айту да
420
қиын. Мысалы, бұрынғы совхоздар мен колхоздарды жою, тіпті жақсы
пайдалы жұмыс істеп тұрған кейбір шаруашылықтарды жасанды түрде
банкрот ету, әрине, ауыл шаруашылығын дамытуда жасалған үлкен
қателіктердің бірі болды. Тиімді саясат
арқылы сол ескі формаларға
жаңа мазмұн беріп дамытуға, әрине, болар еді. Қазіргі уақытта
кішігірім фермерлер өндірісті дамытуға күштері жетпей, қайта бірігіп
жатыр. Алып жерлерді игеріп жатқан қаланың лендлордтары тек өз
қамын ойлауда, бұрынғы ауылдың құрылымы әсіресе әлеуметтік сала
жан аярлық халде.
Олай болса, әңгіме тек жаңа формаларды енгізуде
ғана емес, сонымен қатар жаңа жағдайда дамуға мүмкіндік жасай ала-
тын ескі формаларды да ұқыпты пайдалануда болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: