416
бөлшектері (элементтері), салыстырмалы түрде қарағанда,
дербес
болып, өз-өздігімен өмір сүре алатын болса, органикалық жүйелердің
элементтері жүйеге толығынан тәуелді, одан сырт қалса, өмір сүре
алмайды. Мысалы, адамның бауыры мен бүйрегі біртұтас организм
жүйесінен тыс өмір сүре алмайды, өз өмірін тоқтатады.
Тек қана
организм жүйесінің шеңберінде ғана басқа организмнің құрамдас
бөліктерімен қарым-қатынасқа түсіп қана өмір сүреді.
Органикалық жүйелердің екінші керемет қасиеті – олардың ішкі
даму бағдарламасының болуы. Оның терең мән-мағынасын бүгінгі
таңда тез қарқынмен дамып келе жатқан генетика ғылымы зерттейді.
Қоғам өмірінде ол саналы түрде жасалған мақсат-мұратқа айналады.
Мысал ретінде «Қазақстан-2030» бағдарламасын келтіруге болады.
Бүгінгі таңда ашылған ең күрделі жүйе, әрине, – қоғам. Қоғам
өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді. Олардың бәрі де саналы
пенделер, өз өмірін жоспарлап, өз алдына неше түрлі мақсаттар қойып,
оны іске асыру жолында
басқа адамдармен топтасып, көзге көрінетін
сан алуан қарым-қатынастарға түседі. Ал көзге көрінбейтін саны жоқ
қатынастарды тіпті есептеу мүмкін емес! Мысалы, дүкенге барып бір
нан сатып алсаңыз, ол тек қана сіз бен
сатушының қарым-қатынасын
көрсетіп қана қоймайды. Сол қарапайым байланыс сізді саны жоқ
астыртын миллиондаған адамдармен қосады. Ол нанды ұннан жасайды,
ал оны өндіру үшін бидай қажет, ол үшін егін егу керек, оған трактор-
лар мен сепкіштер керек, ал оларды жасау үшін темір рудасын өндіріп,
оны металлургия комбинатында балқыту керек…т.с.с.!!!
Қоғамның күрделі жүйе екендігін реформа барысында, әсіресе сая-
саткерлер естерінен шығармаулары керек. «Ең алдымен экономика
саласындағы
реформаларды жасап алайық, қалғаны бірте-бірте өз
орнына келер» деген жалаң да тұрпайы ұрандар, құдайға шүкір, бүгінгі
таңда келмеске кетті. Экономика қоғамның іргетасын құрайтындығы –
хақ. Сонымен қатар бүгінгі таңда «адам факторының» негізгі қоғам
байлығына айналып жатқаны да еш күмән туғызбайды.
Қоғамды дүниедегі ең күрделі жүйе ретінде қарағанда, оның өзі де
оған бағынышты ішкі қосалқы жүйелерден тұратынын айқындаймыз.
Бүгінгі кең тараған пікір – оны төрт қосалқы жүйеге бөлу:
Достарыңызбен бөлісу: