тиістінің арасындағы қайшылық. Тек қана адам өмірінде шынайы
өмірде жоқ, бірақ болуға тиістіні қажет ету бар. Ал орындалмаған бұл
қажеттілік адамның зардап шегуіне, қайғы-қасіретіне әкеледі.
Біздің ойымызша, зұлымдық материалдық ресурстардың әрқашанда
шектелгендігінен, соның нәтижесінде кейбіреулердің жеке мүддені
асыра күйттеп, қоғамдық біртұтастыққа қарсы қою іс-әрекетінен пайда
болса керек. Ол жеке адамның өзімшілдік мүддесін іске асырудағы
пиғылынан шығуы мүмкін, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік
топтың да іс-әрекетінен пайда болуы ғажап емес. Мысалы, уақытында
фашистік Германияның басшылары неміс халқын ерекше биік орынға
қойғысы келіп, басқа халықтарға қарсы қойып, сол саясатты жүргізу
барысында адамзатты қандай қасіретке әкелгенін білеміз. Бүгінгі таңда
АҚШ басшылары өз күшін пайдаланып, басқа халықтардың мүддесіне
сай келмейтін өркөкіректік саясат жүргізіп, ондаған мың шақырымдағы
жерлерді сол елдің «өмірлік мүдделері» бар аймақтары деп бағалауда.
Ал одан шыққан іс-әрекеттерді біз жергілікті қантөгістер жүріп жатқан
жерлерден көріп отырмыз.
Енді жоғарыда талданған шынайы өмір мен құндылықтар әлемінің
арасындағы қайшылықтарға тағы да оралсақ, Л.Фейербах діннің
қайнар көзін дүниенің өтпелілігі мен кемшіліктерінен, содан шығатын
адамның зардабынан, табиғаттың орасан зор күштеріне тойтарыс
бере алмай, үрейленуінен көреді. «Сондықтан адамның қиял-арманы
о дүниені, жетілген мәңгілік рухани өмірді, Құдай идеясын дүниеге
әкеледі», – дейді ұлы ойшыл.
Егер дүние кемеліне келіп жетілсе, онда ол барлық қайшылықтарды
жойып, яғни өз-өзін жоқ қылатынын біз ақыл-ой арқылы түсінеміз. Ал
мәңгілік бақытты өмір, осы тұрғыдан алғанда, тозақтың ең жаман түрі
болар еді. Жас дос, өзіңіз ойлап қараңызшы, егер мәңгі өміріңіз болса,
сіз саусағыңызды да қозғалтпаған болар едіңіз, өйткені алда шегі жоқ
мәңгілік бар. Ал дүние кеңістік пен уақыт арқылы беріліп, өзіңіздің
болашақта өмірден кететініңізді білгеннен кейін, сіз белсенділік
көрсетесіз, алдыңызға үлкен мақсат-мұрат қойып, соны іске асыруға
ұмтыласыз, осы фәниде өз ізіңізді қалдырып кетуге тырысасыз, өмірдің
әрбір шағының тамаша жақтарына сүйсіне қарап, оның ғажабына той-
майсыз т.с.с.
Алайда ақыл-ой оны түсінгенмен, рух оған қанағаттанбайды, ол
қол астындағы кемшілікке толы болмысты Ізгілік пен Әсемдік, Ақиқат
пен Сүйіспеншілік т.с.с. құндылықтардың негізінде қайта өзгертіп,
жетілдіргісі келеді. Қайсыбір дін осы жолда ертелі-кеш зұлымдыққа
тойтарыс беріліп, жақсылық, ізгіліктің болашақтағы жеңісіне сенуді
уағыздайды. Әрине, ол адамның көңілінен шығады. Сондықтан көп
526
жағдайда нақтылы өмірде зұлымдық өз тойын тойлағанмен, ақырында,
жақсылықтың жеңетініне адамзаттың көпшілігі сенеді.
Сонымен қатар адам рухының кемеліне келген дүниеге деген
ынтызарлығы мыңдаған жылдардың шеңберінде орасан зор Өнер
Әлемін тудырады. Оған әдебиет пен поэзия, қылқалам мен мүсін,
сәулет пен әуен, сымбат т.с.с. өнер түрлерін жатқызуға болады. Өнер
әлемі бізді аз уақыт болса да нақтылы болмыстан жоғарылатып, рухтың
кереметтігін көрсетіп, жан-дүниеміздің ластанған жағын тазартады
(Аристотельдің тілімен айтсақ, «катарсиске» әкеледі), біздің Ақиқат,
Әсемдік, Сүйіспеншілікке деген сенімімізді нығайтады.
Қарапайым сана деңгейінде көп жағдайда «жан» мен «рух» бір
мағынада түсініледі. Алайда олар – әртүрлі ұғымдар. «Жан» (псюхе,
анима) деп біз адамның ішкі әлеміндегі өмірге деген іңкәрлігін, оның
күнбе-күнгі қуанышы мен зардабын, оның жарқын, я болмаса күңгірт
ұмтылуларын, жалпы алғанда, өмір сүруге бағытталған (витальдық)
күш-қуатын айтамыз. Яғни оны адамның дене құрылысымен өте тығыз
байланысты сезімдік-психикалық құбылыстардың жиынтығы деуге де
болар еді. Тарихи жан адаммен бірге дүниеге келеді. Ал рухқа келер
болсақ, ол адам психикасы дамуының соңғы жетілген сатыларымен
байланысты. Неміс философы К.Ясперстің ойынша, рухтың дүниеге
келген уақыты – кіндікті заманда (осевое время), шамамен б.з.д VIII-II
ғғ. болса керек. Осы кезде адамның дерексіз ойлау қабілеті жетіліп,
мифологиялық дүниетүсіну философиялық пайымдауға ауысып,
көпқұдайлықтан бірқұдайлыққа негізделген әлемдік діндер дүниеге
келеді. Міне, осы уақытта жан-дүниенің үстінде рух пайда болады.
Енді жеке адамның өмір сатыларына келер болсақ, онда да рух
жаннан кейін қалыптаса бастайды. Егер жан деп біз адамның орга-
низм ретіндегі өмірге деген интенциясын (ұмтылысын) айтсақ, рухтың
өмір сүруі тікелей адамның дене құрылысымен байланысты емес.
Мысалы, әйгілі философ И.Канттың әлсіз денесінде күшті рух болды
емес пе? Рух өз қалыптасу заңдылықтарына сүйенеді, өз-өзін адам өмір
шеңберінің аяғына дейін дамытып, кейбір кезде тіпті адамның дене
ахуалын ауырлатып та жіберуі мүмкін.
Негізінен, адамның өмір сатысын үшке бөлуге болады. Бірінші –
жастық шақты эстетикалық, я болмаса романтикалық саты дейміз.
Өйткені жастық гүлденген шақта адам әсемдікке ұмтылады, өмір
жаңа ғана басталып жатыр, алда мәңгілік жатқандай болып сезіледі.
Адам мейлінше өмірден сезімдік ләззат алсам дейді. Бұл жолға түскен
адамның сезімі бірте-бірте жұқара түсіп, ақырында, оның шектелгенін
сезеді. Өмірдің сыртқы және ішкі жағына келер болсақ, оның екеуі де
жеңіл сияқты көрінеді.
527
Екінші сатысында адам есейген, естияр кезінде прагматикалық
(бейімделу, пайда табу) кезден өтеді. Адам сыртқы өмірге аса көп
ойланбай бейімделіп, балалы-шағалы болып, ішкі өміріне де көбірек
үңіле бастайды. Сыртқы өмір ауыр болғанымен, ішкі өмір әлі де болса
жеңілірек.
Жасы келе, адам өмірдің соңғы – үшінші – сатысына аяқ басады.
Оны пуристік (таза), я болмаса діни, ал адам дінге сенбесе, руха-
нияттық саты деп атауға болар еді. Өйткені адам өз өмірінің
«күнбатысымен» кез болады. Бұл шақта адамның рухы кемеліне келіп,
оған көп сұрақтар қойып, мазалай бастайды. Адамның сыртқы өмірі
жеңіл (күнкөріс, бақталастық т.с.с. күйбіңнен адам алшақтайды) болып,
ішкі рухани өмірі үлкен тебіреністерге, ауыр жүкке толып, оны күнбе-
күн үлкен ойға қалдырады. Ондағы негізгі сұрақ өмірдің мән-мағынасы,
мазмұндылығы, өмір соңындағы қалдырған із болса керек.
Енді рухтың өмір сүру формаларына келер болсақ, уақытында
оны Г.Гегель егжей-тегжейлі талдаған болатын. Ол оны субъективті,
объективті және абсолютті рухқа бөледі.
Субъективті рух деп біз тарих сахнасында өмір сүріп жатқан
өзіндік тірі сана-сезімі бар адамды айтамыз. Рух жеке адамның
психикалық ерекшеліктеріне сай қалыптасып, дамиды. Адам өзінің
саналы іс-әрекетінің негізінде тұлғаға айналып, қоғам өміріндегі
құндылықтарды игеріп, өзіндік сана-сезімін қалыптастырады.
Объективті рухқа біз белгілі бір әлеуметтік қауымның мойындаған
ортақ құндылықтар әлемін жатқызамыз. Оған оның дүниесезімі,
көзқарасы, этикалық, эстетикалық, саяси-құқықтық, философиялық
т.с.с. түсініктері, көңіл күйі, идеялары жатады. Негізінен алғанда,
объективті рух – ол белгілі бір тарих сахнасында өмір сүріп жатқан
халықтың рухы, ең алдымен оның тудырған тілі, жасаған өнер
әлемі, әдет-ғұрпы, тәлім-тәрбие әдістері, құқықтық және моральдық
құндылықтары, менталитеті (ділі) т.с.с.
Гегельдің уақытында айтқан абсолюттік рухы – ол кемеліне
келіп жетіліп, өзінің шеңберіне қайта оралған абсолюттік идеяның
(Құдайдың) жердегі өмірмен ешқандай байланысы жоқ рухы. Мұндай
көзқарас бүгінгі әдебиетте көп жағдайда мойындалмайды. Сондықтан
Гегельдің көрсеткен абсолюттік рухтың сатыларын: өнер, дін, филосо-
фияны объективті рухтың ішіне кіргізуге болады.
Философиялық әдебиетте объективтендірілген рух деген ұғым
қолданылады. Оның мәні мынада. Қайсыбір адамның шығар-
машылық іс-әрекетінен туған идея өмір сүруі үшін заттанады, яғни
объективтендіріледі. Мысалы, күнбе-күнгі өмірде мыңдаған рет
кездесетін жеңіл машиналар, автобустар т.с.с. техника түрлерін алсаңыз,
олар – жүздеген ғылыми қайраткер, инженер, ойлап шығарушы
528
талантты адамдардың ой еңбегінің жемісі. Белгілі бір кешенді салу
үшін ол ең алдымен сәулетшінің санасынан өтіп, жобаға айналуы
керек. Жабайы табиғатта қалалар, машиналар, байланыс жүйелері т.с.с.
жоқ. Яғни бүкіл адамзат тудырған «екінші табиғатта» адамзат рухы
затталып, соның ішінде сөнген. Адам күнбе-күнгі өмірінде неше түрлі
заттарды пайдаланған кезде (ол үшін оның құрылымын білуі қажет),
сол сөнген рухты жандандырып, яғни игеріп, өз рух құрамының
ішіне кіргізеді. Осы жолда оған шабыт келіп, оның шығармашылық
іс-әрекетін оятып, жаңа идеяларды тудыруы ғажап емес. Өйткені
қайсыбір рухани туындыда иесінің ескермеген, байқамаған жақтарын
соны игеру үстіндегі адам байқап қалуы мүмкін. Сонымен рух, бір
жағынан, адамның санасында жанып, екінші жағынан, заттардың ішкі
мәнін құрап, сөніп жатады екен.
Келесі үлкен мәселе – «Рухтың өзегінде не жатыр?» деген сұрақ.
Оған жауап ретінде біз моральдық құндылықтар дер едік. Бұл арада біз
А.Швейцердің пікірімен толығынан келісеміз. Адамзаттың нағыз алға
жылжуы ғылыми-техникалық жетістіктерде, айнала қоршаған ортаны
сырттай өзгертуде емес, адамның өзінің іштей жаңаруы, моральдық
өрлеуінде жатса керек. Бүкіл рухани дүние әрқашанда моральдың бір
қарағанда байқалмайтын ықпалында болады. Негізінен алғанда, адам
болу дегеніміз өнегелілік, ұдайы өз ар-ұждан, адамның жүрегінен
шығатын ішкі талаптарға ұқыпты қарау, тұлғаның моральдық өмірден
алған тәжірибесін шыңдау емес пе? Рухани өмірдегі моральдық нор-
малар мен құндылықтардың шешуші рөлі түсінікті болуы үшін, біз
адамның жүріс-тұрысы, іс-әрекеті ерекшелігін алға тартуымыз керек.
Адам өз жүріс-тұрысында әрқашанда моральдық құндылықтарды
басшылыққа алады, ал оның талаптары көпшілік жағдайда сол сәттегі
адамның мүдделеріне шек қойып, басқа адамдардың да мүдделерімен
санасуды қажет етеді. Өйткені адам бұл дүниеде жалғыз өзі ғана өмір
сүріп жатқан жоқ, ол басқалармен бірге, яғни өне бойы қоғамның
шеңберінде. Моральдың келесі бір ғажап жағы – бүкіл қоғамның
барлық саласын қамтуында. Тіпті адам кейбір жағдайда жалғыздан-
жалғыз қалғанның өзінде, өз-өзіне моральдық тұрғыдан қарап, баға
береді.
Енді осы моральдың ерекшеліктерін рухтың басқа салаларымен
салыстырсақ, онда оның өзектілігі дереу байқалады. ХХ ғ. адамзат ақыл-
ойы табиғаттың терең жатқан сырларын ашып, оларды өз мүддесіне сай
етіп пайдаланды. Сонымен қатар ол адамзаттың өз құдіреттілігіне деген
осы уақытқа дейінгі ойын су сепкендей басты. Өйткені ғылымдағы бір
жаңалықты өмірге енгізіп, оның пайдасын көргенмен, оның қандай
теріс салдар әкелетінін адам қандай керемет компьютермен есептесе де,
толығынан анықтай алмайды. Ал оның өзі экологиялық дағдарыстарға,
529
тіршіліктің азып-тозуына әкеліп жатқан жоқ па? Тек таза есеп-
қисапқа (рационализм) негізделген ақыл-ой, егерде ол моральдық
құндылықтарға негізделмесе, дүниені бейберекеттіктің тұңғиығына,
тіпті адамзаттың өз өліміне әкелуі мүмкін. Моральдық құндылықтарға
мән бермей, «мен бәрін білемін» деген адам компьютердің бір түріне,
барлық тіршілікке өмір беріп тұрған Күн сәулесі емес, сәулесі әлсіз
Айға ұқсайды. Ондай адам «білімді» болғанымен, өз салқындығымен
басқаларды алшақтатады. Моральдық санасы кемтар адам өз
шығармашылығында көп нәрсені байқамай, «барлық заттың өлшемі»
деген бағаға ие бола алмайды. Тек моральдық құндылықтармен тығыз
байланысты, соның ықпалындағы білім ғана адамды даналық дәрежеге
көтеріп, оны «заттардың өлшеміне» айналдырады. Сол себепті бүгінгі
таңда ғылым мен моральдың өзара байланысы ең өзекті мәселеге
айналды.
Енді өнер мен моральдың арақатынасына келер болсақ, онда да
жоғарыдағы ахуал байқалады. Моральдан жұрдай «арсыз әсемдік»
адамды сүйсіндіре алар ма екен? Біз өнер саласындағы туындыларды
бағалағанда, ең алдымен оны тудырған қайраткердің адамгершілік
ізденісіне назар аударамыз.
Діннің моральдық мазмұны мыңдаған жылдар бойы адамның
рухани тірегіне, оның ішкі зұлымдыққа қарсы тойтарыс бере алатын
күшке айналып отыр. Егерде біз діннен оның моральдық жақтарын
алып тастасақ, онда не қалар еді? Ол адамның ақыл-ойына сыймайтын
неше түрлі аңыздардың жиынтығы болып, оған сенуден көпшілік бас
тартар еді.
Философияға келсек, оның ұғымдық құрылымы, мазмұны, әрине,
жеке ғылымдардың аса тез қарқынды дамуына байланысты байыды, оны
терістей алмаймыз. Бірақ біз Платон мен Аристотель, Әл-Фараби мен
Ф.Аквинский, Г.Гегель мен А.Шопенгауерден дүниенің шегіне жеткен
терең метафизикалық мәселелерін талдауда онша алысқа кете алмадық.
Сонымен қатар ойшылдың моральдық, адамгершілік көзқарасына бай-
ланысты жүздеген неше түрлі жаңа философиялық ағымдар пайда
болды емес пе? Өйткені дүниежүзілік тарихта ешқашанда моральдық
адами тебіреністе болмай, болмыстың терең қабаттарын зерттеп жатқан
ойшыл болған жоқ. Орыс халқының тамаша ойшылы С.Л.Франк
айтқандай, «моральдық сана арқылы біз болмыстың шексіз мұхитына
терең сүңгіп, іштей сезіне аламыз…, белгілі бір затты білу дегеніміз –
ортақ өмірде бірге болғаннан кейін оны іштей сезіну болмақ».
Енді саясат пен құқық саласына келер болсақ, олар қоғамды
біріктіретін, оның біртұтастығын қамтамасыз ететін сыртқы күштерге
жатады. Егерде қоғам өміріндегі жүргізіліп жатқан саясат халықтың
жүрегінде моральдық жағынан ақталмаса, ол ешқандай нәтижеге
530
әкелмейді. Биліктегілер елді басқара алмай, шығарылған заңдар орын-
далмас еді.
Сөйтіп, жоғарыда көрсеткеніміздей, моральдық сана бүкіл
Достарыңызбен бөлісу: |