533
Өкінішке қарай, материалдық құндылықтарға құмартқан көпшілік
бүгінгі таңда соның шырмауынан шыға алмай жатыр.
Егер қайсыбір жануардың қажеттіліктері оның түйсіктері арқылы
берілсе, адамның қажеттіліктері
оның сана-сезімдерінен өтіп, белгілі
бір мүдделерге айналады. Жануарлар бір нәрсеге мүдделі деп айту
ақылға
сыймайды, ол – тек адамға ғана тән нәрсе. Өз мүдделерін іске
асыру үшін адам алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қояды. Соңғыны
іске асыру жолында адам өз ырқын шыңдап, неше түрлі қиындықтардан
өтуге дайын болуы керек. Орындалған мақсат-мұрат келесі сатыда
жаңа құндылықтарға бағыттайды т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: