Серік Мырзалы философия оқу құралы


руханияттың негізінде жатыр



Pdf көрінісі
бет337/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   422
руханияттың негізінде жатыр. Олай болса, келесі өте күрделі сұрақ 
пайда болады. Ол: «Моральдың өз қайнар көздерін неден іздеуіміз 
керек?» – деген сұрақ. 
Тарихи алғашқы моральдық жүйелерді дүниеге әкеліп, оларды 
халыққа уағыздай бастаған адамзат бабалары Лао-цзы, Конфу-цзы, 
Будда, Заратустра, Мұса, Мұхаммед болатын. Олардың моральдық 
көзқарастары әртүрлі діндердің құрамына кіріп, ғасырлар бойы 
адамзаттың адамгершілік жолмен дамуына ықпалын тигізді. Бүгінгі 
таңның өзінде «ағарған адамзаттың» жаратылыстану, гуманитарлық 
білімі қаншалықты өскенмен, жүздеген миллион адамдар бұрынғыдай 
өздерінің жүріс-тұрысында негізгі моральдық қағидаларды басшылыққа 
алады. Моральдың қайнар көзін қайсыбір дін қол астындағы 
кемшілікке толы болмыстан аттап өтіп, тікелей Құдайдың құдіретті 
шығармашылық күшінен шығарады: міне, оның адамдарға тигізетін 
зор ықпалы осында жатыр.
Жаңа дәуірде ХVIII ғ. бастап Еуропа ағартушылары христиан дінін, 
оның негізгі қағидаларын қатты сынға алып, көп адамдарды діннен 
алшақтатып, атеистік жолға түсірді. Сол себепті Ф.Ницше «Құдай 
өлді!», олай болса, адамға ешқандай тыйым салуға болмайды, ол ерікті, 
ойына не келсе, соны жасай алады деген пікірге келді. Алайда оның 
бұл тұжырымы орынсыз болды, өйткені Құдай идеясында адамның 
ең сәулетті мәндік күштері, рухани тебіреністері жинақталған. Бүгінгі 
таңда біз, керісінше, діни ізденістердің жаңа дүмпуін байқаймыз, 
мыңдаған жаңа діни секталар әртүрлі мемлекеттерде пайда болып, 
дүниеге деген өз көзқарастарына көп адамдарды тартуда. Мұның 
өзі адамдардың қазіргі етек алып кеткен рухани азғындауына деген 
қарсылығы болса керек.
Немістің ұлы ойшылы И.Кант уақытында моральдың қайнар көзін 
адамның парасатына негіздеп, «үзілді-кесілді» ұсынған болатын. Оның 
қысқаша мәні – адамның жүріс-тұрысы бүкіл адамзаттың қалаған 
тілегінен шығуы керек. Яғни белгілі бір нақтылы ахуалдағы сенің 
таңдауың қазіргі адамзаттың қайсыбір өкілінің болсын жүрегінен шығуы 
керек. Тек оның қойған бір талабы – адамның сезім-күйінен шығатын 
ұмтылыстарды ескермеу қажет, өйткені ол адамның пендешілігінен 
шығады. Егер сіз бір адамды жақсы көріп, оған жақсылық жасасаңыз, 
И.Канттың ойынша, оның моральдық құндылығы жойылады. Адами 
қарым-қатынастарда сіз тек «үзілді-кесілді талапты» ақыл-ойыңыздан 
өткізіп, ешқандай сезімділікке бой ұрмай, оны басшылыққа алсаңыз, 


531
сонда ғана моральдың шеңберінде қаласыз. Алайда бұл талап шынайы 
өмірдегі адамдардың күнбе-күнгі қарым-қатынастарына қарсы келіп, 
дерексіз өмірмен тығыз байланысы жоқ қағида болып қала берді.
ХХ ғ. Э.Фромм, А.Швейцер сияқты, Батыс ойшылдары моральды 
негіздеуде жаңа көзқарас ұсынды. Олардың ойынша, моральды 
негіздеуді шынайы өмірдің өзінен, сол өмірдің ең әсем гүлі – адамның 
өз табиғатынан іздеу керек. Олай болса, «жақсылық», «ізгілік» 
дегеніміз – адамның ішкі қабілеттерін ашатын, өмірдің толыққандығын 
сезіндіретіннің бәрі, ал «зұлымдық» деп адамның гүлденуіне, оның 
қабілеттері мен шығармашылық еңбегіне тосқауыл қоятын нәрселерді 
айтамыз. Ал «күнәға» адамның өз өміріне деген жауапкершіліктің 
жоқтығы жатады. Дүниенің ең әсем гүлі ретінде адам, – кең мағынада 
алып қарағанда, – Жер бетінде жүріп жатқан бүкіл биологиялық
психологиялық, жан мен рухтық үдерістерді өз бойында қамтиды. 
Сондықтан «жақсылық» дегеніміз тек адамның өмірін сақтап гүлдету 
емес, сонымен қатар бүкіл жер бетіндегі барлық тіршілікті өзімен 
бірге сақтап, дамыту болмақ. Осындай түсінікке сәйкес, «зұлымдық» 
дегеніміз Жер бетіндегі тіршілікті аяққа басу, құрту-жаншу болмақ. 
Біздің ойымызша, бұл ойшылдар өз заманынан озып, жаңа «ғарыштық 
этиканың» негіздерін жасаған сияқты. Оның өмірге енуі алда, ол 
болашақ адамзаттың рухани өмірінің негізі болуға тиіс.
Қорыта келе, адамды рухани пенде десек те болады. Оның ішкі 
тебіреніс, үміт, сенім, т.с.с. құндылықтарға толы шегі жоқ өз рухани 
ғарышы бар. Оның өзегі адамның өзіндік санасында. Адам санасы 
арқылы өз-өзінен алшақтап, өзіне сыншыл рухани көкейкөзімен қарай 
алатын мүмкіндікке жетеді. Ешбір жануардың мұндай қасиеті жоқ.
Әрине, адамның дене қажеттіліктері бар, ол баспанасыз, ішетін-
жейтін тамақсыз, киім-кешексіз өмір сүре алмайды. Оны да естен 
шығармаған жөн. Оларды және т.б. заттарды алу үшін адам еңбек 
етеді, басқа адамдармен неше түрлі қарым-қатынастарға түсіп, өмірге 
бейімделуге тырысады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда көп адамдар 
өмірдің мән-мағынасын сол материалдық заттарды қуумен, солар 
арқылы өмірден ләззат алумен байланыстырады. Осы жолда ол өзінің 
рухани пенде екендігін тіпті естен шығарып, өз өмірінің мән-мағынасын 
жоғалтып та алуы мүмкін.
Естен мынаны шығарып алмаған жөн. Материалдық байлық 
қаншалықты көп болғанымен, – шектелген. Егер байлығыңыздың 
жартысын үлестірсеңіз, тек жартысы ғана өзіңізде қалады. Ал рухани 
байлық – шексіз. Егер бір сүйкімді әуенді шығарып, оны таратсаңыз, 
ертең-ақ ол жүздеген мың адамның көңіл күйін байытып, шаттыққа 
әкеледі. Құрманғазы бабамыз өмірден кетсе де, оның рухы әр қазақтың 
жүрегінде сақтала бермек, яғни ол өлген жоқ.


532
Сонымен, адам – дене және рух. Денесіз рух, рухсыз дене жоқ. 
Дүниенің қызығына салынып, рухты аяққа басып, я болмаса, рухты 
биік ұстап, дене қажеттіліктерімен санаспауға тағы да болмайды. Осы 
арада бір аңызды келтірейік. Бір адам жолдасына қонаққа келген екен. 
Сол сәтте досы өнер адамдарын шақырып: «Сіз қандай аспаптың үнін 
ең алдымен тыңдағыңыз келеді? – депті. Сонда қонағы: «Ең алдымен 
қуырылып жатқан еттің дыбысын тыңдасақ қайтер еді», – деген екен. 
Енді осы арада «руханият» ұғымын талдауға уақыт келген сияқты. 
Өйткені рухтың негізгі мақсаты – дүниенің бірлігін, үндестігін 
қамтамасыз ету, оны жетілдіру болғанымен, шынайы өмірде біз 
бұрмаланған, қирату, бөлу, қарсы қою, жоюға бағытталған рухты да 
байқауымызға болады. Оны халық: «Зұлым рух», – дейді.
Руханияттыққа келер болсақ, ол өмірді толыққанды безендіру, мате-
рия мен рухты бір-біріне қарсы қоймай, бірге жетілдіру, үндестікке 
жеткізу, адам өмірінің жан-жақтылығын, мейлінше бақытты өмір 
сүруін қамтамасыз ету дер едік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет