534
Адам өмірінен шығатын келесі құндылық – денсаулық, оны дана
бабамыз «бірінші байлық» деп кеткен. А.Шопенгауер айтқандай,
«адамның бақытты болуының 9/10-ы оның денсаулығына байла-
нысты». Расында да, тек денсаулықтың арқасында ғана өмірде кездесетін
ауыртпалықтарды
еңсеріп жеңуге, ішкі табиғи дарындарды дамытып,
шығармашылық деңгейге көтерілуге болады. Сондықтан денсаулыққа
саналы түрде қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып,
өз дене ахуалыңа зәбірлік жасамау керек. Маскүнемдік,
шылым
шегу, нашақорлық жолына түсу – ең зор байлық – денсаулығыңды өз
қолыңмен жоюмен тең.
Сонымен қатар, өкінішке қарай, өмірде мүгедек, табиғатынан әлсіз
туған жандар да кездеседі. Мұндай жағдайда олар өз рухының күші
арқылы өмірдің мәнділігі мен құндылығын, қанша қиын болса да,
аша білуі керек, ол үшін, әрине, жақындары, жалпы қоғам, мемле-
кет тарапынан көмек қажет. Дүниежүзілік
тарих мұндай адамдардың
өмір қиындықтарын жеңіп, шығармашылық дәрежеге көтеріліп, өзінің
өшпес ізін қалдырғаны жөнінде мыңдаған айғақтар келтіреді. Қайсыбір
қоғамның адамгершілік келбетін сол кемтарларға жасаған ізгі істерінен
көруге болады. Өкінішке қарай, біз бүгін бұл жағынан мақтана алмай-
мыз.
Достарыңызбен бөлісу: