560
сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесін-
ші – рухани қажеттіліктер – шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді
өмірге енгізу, іске асыру.
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіліктер өтелмейінше, жоғар-
ғылар әлі де болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіліктер өз
күшін жойып, адамды жоғарғы қажеттіліктерді игеруге итермелейді.
Егерде төменгі қажеттіліктерді өтеу қоғамның даму деңгейіне байла-
нысты қиын мәселеге айналса, ол адам өмірінің негізгі мән-мағынасына
айналуы мүмкін. Бүгінгі таңда қаншама адам «нан табу» мәселесінің
шеңберінен шыға алмай жүр! Оны тарихи қалыптасқан қоғам өмірінің
кемшілігі ретінде қарау жөн болар.
Сөйтіп, өмірдің ең биік мән-мағынасы шығармашылық сатыға
көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның
ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Ондай адамға тән
нәрселер:
– өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен
қабылдау;
– басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;
–
басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете
білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;
– өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейде игеру;
– өне бойы өз қабілеттеріңді ары қарай дамытуға тырысу;
– мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен
жамандықты, сұлулық пен түрсіздікті айыра білу;
– қай жерде болса да, өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.
Адам өмірінің мән-мағынасы жөнінде арнайы еңбек жазып, құнды
пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австриялық ұлы ойшыл В.Франкл
болды. Ол бүгінгі адамның өмір ахуалына тоқтала келе, оның
қиындығы жайында сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты
түйсіктің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай
өмір сүре алмайды. Сондықтан ол басқалар сияқты болғысы келеді
(конформизм), немесе басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм).
Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің
мән-мағынасын әлі таба
алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам «экзистенциалдық вакуумға»
(өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік
ауытқушылыққа ұшырауы мүмкін. Олар: нашақорлық, ішімдікке
салыну, қылмыстыққа бару, құдайды іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру
т.с.с. Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл
өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді. Мысалы, әке-шешесі өз бала-
сына барлық жағдайды жасап, не қалағанын алып береді де, оның
алдындағы өз борышын орындағандай сезінеді. Ал ол баланың ішкі
жан дүниесі қандай, кім болғысы келеді, нені қиялдайды т.с.с. – оған
561
көңіл бөлуге олардың қолдары да тимейді. Ақырында, киімі көк, тамағы
тоқ бала көзді ашып-жұмғанша ересектік сатыға келеді. Балалық
қиялдарының
бәрі артта, ерекше тұлғалық дәрежеге көтерілген жоқ,
өмірден өз орнын таба алмай қалды. Не істеу керек? Бұл сұраққа
ол жауап бере алмайды. Бұл қиын ахуал кездейсоқ біреудің есірткі
ұсынуымен аяқталады. Ол оны қабылдап, өз армандарын орындаған
сияқты тәтті сезімге бөленеді.
Ішімдік – аз уақыт болса да «ащы шындықтан қашуға» тең нәрсе.
Мұндай сараптауды жалғастыра беруге болар еді. Оқырман оны жақсы
түсінді ғой деп ойлаймыз.
Әңгіменің қиындығы – өмірдің мән-мағынасын тудыруға, жасауға
болмайды, оны тұлға өзі іздеп тауып алуы керек. Бұл дүниеде өмірге
келген әр адамның өз орны бар, сондықтан әркімнің өмірінің мән-
мағынасы да өзгеше. В.Франклдің айтуынша, бұл өмірде әр адамға өзіне
керек іс
тауып, қайсыбір ахуалдың шеңберінде өмірлік мән-мағынаны
ашуға болады. Біреу өмірінің мән-мағынасын балаларын жеткізуден,
екінші – табиғи дарынын ашудан, үшінші сүйген адамы үшін өмір
сүруден т.с.с. көруі мүмкін.
В.Франклдің ойынша, жалпылай келе, өмірлік мән-мағынаны
үлкен үш топқа бөлуге болады. Оның ең биігі – шығармашылық
құндылықтарға жету, яғни тарихта бұрын-соңды болмаған жаңаны
тудыру. Ол үшін, әрине, табиғи дарыннан тыс, сол саланы толығынан
игеріп, шыңына жету керек. Ол, негізінен, дегдар топтарға тән нәрсе.
Бірақ, кең түрде алғанда, шығармашылық – адамның тектік қасиеті.
Сондықтан әр адам өзінше шығармашылық сатысына көтеріледі.
Мысалы, талай жылдар гүл өсіріп, осы істі сүйетін адам күндердің
бір күнінде гүлдің бір жаңа түрін тудырмай қоймайды. Киім тоқитын
көп балалы әйел журналдағы көп өрнектерді игереді де, күндердің бір
күнінде өз өрнегін ойлап шығаруы мүмкін. Бәлкім, ол өрнек сән жур-
налында басылмас, бірақ ол шығармашылық
деңгейге көтерілді емес
пе?! Егер қайсыбір нәрсені бұрынғыдай емес, жаңа жолмен, әдіспен
жасасаңыз, ол да шығармашылықтың нышаны болмай ма?
Көп жағдайда өз өміріңнің мән-мағынасын жоғалтып алмас үшін,
белгілі бір алдыңа қойған мақсатқа жете алмасаң да, соған деген
көзқарасыңды өзгертсең болғаны. Оны В.Франкл «құндылықтарға деген
көзқарас» деген ұғыммен береді. Ондай ахуал қарапайым адамдардың
арасында қиын-қыстау заман кезінде жиі кездеседі. Мысалы, құндыздан
тігілген қымбат киімді армандап, сол себепті дұрыс ұйықтай алмай,
жүйкесі тозып жүрген сұлу бикеш өз көзқарасын өзгертіп, Джина Лоло-
бриджида секілді осы құндылыққа деген өз көзқарасын өзгертсе (аңның
терісінен киім кию – соларды өз қолыңмен өлтіргенмен тең), я болмаса
үнді халқының тудырған «еш тіршілікті зәбірлемеу» философиясын
562
қабылдап, басқа материалдан тігілген киім алса,
мәселе сол сәтте-ақ
шешілер еді.
Адамның өмірінде тіпті ойға келмейтін қиын жағдайлар туып
(соғыс, жер сілкінуі, түрмеге түсу, қатерлі ісіктің пайда болуы т.с.с.)
қолынан еш нәрсе келмей, тағдырдың тәлкегіне түскен кезде, ол
өмірінің мән-мағынасын жоғалтып, түңілуі мүмкін. Ондай жағдай
болмағанның өзінде әр адам өз өмірінің аяғында «қайғылы үштіктен»
(зардап, күнә, өлім) өтеді. «Осындай жағдайдың өзінде адам өз өмірінің
мән-мағынасын жоғалтып алмауы керек», – дейді В.Франкл. Адам
«ой-толғау құндылықтарына» көшуі керек, сонда зардап шегудің өзінен
жан-дүниені тазартатын, көп нәрселерге жаңа баға берілетін мән-
мағынаны табуы мүмкін.
Осы арада біз үлкен экзистенциалдық мәселеге – өлім мен өлместікке
келіп тірелдік.
Достарыңызбен бөлісу: