Серік Мырзалы философия оқу құралы


верситеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола  бастауы. Олар «Studіa Humanіtatіs»



Pdf көрінісі
бет94/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   422
верситеттер мен шіркеуден тыс жаңа ұйымдардың көптеп пайда бола 
бастауы. Олар «Studіa Humanіtatіs» (гуманитарлық пәндерді зерт-


141
теу) деп аталды. Сөйтіп, Қайта өрлеу заманының өшпес нәтижесі – 
гуманистік ағымның сол кездегі қоғам мәдениеті саласында пайда 
болып, оған жан-жақты зор әсерін тигізуінде болды. Бұл ағым 
философиялық ой-санаға ғана емес, сонымен қатар саясатқа, моральдық 
нормаларға, әдебиет пен көркемөнерге, діннің өзіне үлкен ықпалын 
тигізді. Негізгі идеясы жеке адамның бойындағы табиғи дарындарын 
өмірге әкелу, адамның құдіретін, ар-абыройын көрсету болды. 
XIV ғ. екінші жартысынан бастап, көне классикалық грек және 
латын әдебиеті мен өнеріне, философиясына деген сұраныс жылдам 
өсе бастайды. Олар мәдени саладағы маңдайалды үлгі, білім алғысы 
келетін адамға ең қажетті нәрсе ретінде бағалана бастайды. Гуманистік 
әдебиет білім мен ізгілікті рақымшылдықпен теңей бастады. «Қайта 
өрлеу» деген ұғымның мазмұнының өзін, міне, осы антикалық 
мәдениетке деген құштарлықтан шығаруға болады. Алайда бұл талпы-
нысты біз көне заманның мәдениетіне, философиясына тұрпайы түрде 
қайта оралу деп түсінсек, ол қате болар еді. Оны біз қайта оралу, көне 
мәдениетке баға беріп, өз заманынан бөлу, сонымен қарым-қатынасқа 
түсуге, құштарлықтан деп түсінуіміз керек. Сонда ғана біз «өрлеу» 
дегенде ары қарай даму, жетілу мағынасына ие боламыз. 
Міне, «Қайта өрлеу» деген ұғым осыны көрсетеді. 
§ 2. Қайта өрлеу заманындағы адам 
мәселесіне жаңаша бетбұрыс
Адам мәселесі – бүкіл философияның – сонау Конфуций, Будда, 
Сократтан бастап, Ортағасырдағы діни ілімдерге дейін өзекті 
философияның сұрағы болғаны белгілі. Қайта өрлеу заманында бұл 
мәселе жаңаша қарала бастады. Ортағасырдағы бұл мәселенің шешімі 
адамның қайшылықты пенде екендігін ашуда болды: бір жағынан, 
адам – жан дүниесі, рухы бар пенде ретінде әрқашанда аспанға 
ұмтылған, басқа тіршіліктен оқшау тұрған Құдайға жақын тұлға. 
Екінші жағынан, оның денесі бар, ол оны жердегі қызықтарға 
құмартуға, оның еркінің соған қарай жетелеуіне әкеліп, күнәға баты-
рады, тіпті кейбір жағдайда құмарту жолына түскен адам хайуанның 
деңгейінен де төмен түсіп кетеді. Ал Қайта өрлеу дәуіріне келер болсақ, 
ондағы негізгі жаңалық – ол адамның рухы мен жан дүниесін ғана емес, 
сонымен қатар оның тәнін, денесін де ақтау, оның керемет әсемдігін 
көрсету, адамның дүние-сезімінің телегей-теңіз тереңдігін анықтау 
болды. 
Бұл мәселеге өзінің өшпес ізін салған Джаноццо Манетти (1396-
1459) болды. Өзінің «Адамның абыройы мен артықтығы туралы» деген 


142
еңбегінде ол Құдайдың адамға арнап жасаған дүниесінің сұлулығына 
тоқталып, сонымен қатар сол жаратылған дүниенің ең биік шыңы – 
ол адамның өзі дейді. Адамның дене құрылысы, оның әсемдігі басқа 
дүниедегі денелерге қарағанда ерекше биік орын алады. Мысалы, 
әртүрлі нәрселерді жасай алатын адамның қолдары қандай әсем, қандай 
ғажап! Егер жануарлардың қайсыбірі белгілі бір ғана нәрсемен айна-
лыса алса, адам барлығымен айналыса алады. Рухани денеден тұратын 
адамның әсемдігі соншалықты, адамдар Құдайдың Өзін өзіне ұқсатып 
түсінеді. Егер Құдай бүкіл дүниені жаратса, адам өзін қоршаған 
мәдениеттің ұлы да әсем туындыларын тудырады. 
Сөйтіп, адамның құдіреттілігі, оның Құдайдың Өзімен парапар-
лығы – Қайта өрлеу заманындағы ойшылдардың негізгі идеяларының 
біріне айналды. 
Адам мәселесін қайта қарауға өзінің зор үлесін қосқан келесі ой-
шыл – Лоренцо Валла (1407-1457) болды. «Ләззат алу жөнінде» деген 
еңбегінде ол адамның дүниетанымы оның ақыл-ойымен қатар сезімдік 
іс-әрекеті арқылы ғана болатыны туралы пікірге келеді. Табиғаттың 
тіршілікке берген ең негізгі заңы – «өзінің өмірі мен денесін сақтап, 
оған зиян келтіретіндердің бәрінен жалтару» сезімдік іс-әрекетсіз бол-
майды. Сондықтан бұл заңды орындау жолында адам өмірден ләззат 
алуға тырысуы керек. Ләззат – «жан мен дененің рақатқа батуы» 
ретінде игілікті іс. Мұндай көзқарастың ортағасырлық тақуалыққа 
қарсы бағытталғанын байқау қиын емес. 
Жастай өмірден кеткен талантты ойшыл Пико делла Миран-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет