Серік Мырзалы философия оқу құралы



Pdf көрінісі
бет95/422
Дата07.10.2022
өлшемі3.76 Mb.
#462147
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   422
долланың (1463-1494 жж.) еңбектерінде Қайта өрлеу заманындағы адам 
мәселесіне деген гуманистік көзқарас өзінің биік шыңына көтеріледі. 
Өзінің «Адамның абыройы жөніндегі сөздер» деген еңбегінде ол: 
«Құдай Өзі жаратқан ғарыштың ортасына адамды орналастырды», – 
дейді. Ол оны жаратылған дүниенің даналығы, ұлылығы мен 
әсемдігінің айқын көрінісі ретінде қарайды. 
Оның ойынша, адам – бүкіл жаратылған дүние мен Құдай 
арасындағы дәнекер. Сонымен қатар Жер бетінде адамнан биік, ал 
адамда ақыл-ой, парасат пен жаннан биік еш нәрсе жоқ. Құдай адамды 
жаратқанда, оған әртүрлі өмірдің ұрықтарын салды. Адамның рухының 
ең ғажабы оның еріктігінде, оның алдындағы әртүрлі өмір жолдарын 
таңдап алу мүмкіндіктерінде. Сол мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, 
адам тіпті періштелерден де жоғары биіктікке көтерілуі мүмкін. 
Адамның таңдау еріктігі – ол Құдайдың берген ең құнды сыйы. 
Оны Сократтың айтып кеткен «өзіңді тани біл» деген жолынан іздеу 
керек, ол өмірдегі күресте шыңдалып, моральдық жетілудің терең 
тұңғиығына жету керектігін ойшыл асыра көрсетеді. 


143
Сонымен, Пика делла Мирандолла адамның еркін тек қана күнәға 
апаратын жол деп түсінген Ортағасырдағы ойшылдарға қарсы шығып, 
керісінше, ол адамға берілген құнды сый деп түсінді. 
Мұндай гуманистік көзқарас философия тарихында ұмыт болып 
қалмай, керісінше, оның ары қарай дамуындағы негізгі мәселенің біріне 
айналады. 
§ 3. Николай Кузанский – Қайта өрлеу заманы 
философиясының ұлы тұлғасы
Николай Кузанский (1401-1464 жж.) жас кезінде Падуя универ-
ситетінде (Италия) оқып, соңынан діни қызметпен айналысады. 
Ол өзінің ой-санасында ортағасырлық философия мен Қайта өрлеу 
заманындағы гуманистік ой-пікірді ұштастырды. Ұлы ойшылдың діни 
еңбектерінен басқа философиялық туындылары да біршама. Солардың 
ішіндегі ең таңдаулысы «Ғылыми білімсіздік» деп аталады. 
Енді сол «ғылыми білімсіздік» деген қайшылықты ұғымның мән-
мағынасына тоқталайық. Белгілі бір нәрселер жөніндегі ақиқатты іздеу 
жолында біз анықталмағанды – анықталғанмен, белгісізді белгілімен 
т.с.с. салыстырамыз. Сондықтан бұл өмірдегі шектелген заттар жөнінде 
белгілі бір пікірлер айту онша қиын емес. Ал енді шексіздікті зерт-
теген кезде, біз басқаша жағдайға кез боламыз. Шексіздікті біз көз 
алдымызға елестете алмаймыз, оның көлемі бізге белгісіз, біз оны еш 
нәрсемен салыстыра алмаймыз. Бұл адамның (әрқашанда шектелген
ақыл-ойы мен шексіздіктің арасындағы қайшылық Н.Кузанскийдің 
ойынша, ғылыми білімсіздікті тудырады. 
Осы тұрғыдан келгенде, Құдай үзілді-кесілді түрде танылмайды, 
өйткені ол – шексіздік, оны ешқандай шектелген бұл дүниедегі зат-
тармен салыстыру мүмкін емес. Егер Құдай шынайы шексіздік болса, 
онда Ол жаратқан дүние шексіздіктің мүмкіндігіне ғана ие, олай болса, 
бір көкжиектің ар жағында екіншісі, одан ары үшіншісі т.с.с. ашылады. 
Сондықтан Құдай танылмағанмен, ол жаратқан дүниені танып, бір 
белестен екіншісіне өтіп, тереңдей беруге болады. 
Бұл ойын дәлелдеу үшін Н.Кузанский шеңбердің ішіндегі 
көпбұрышты келтіреді. Оның бұрыштарының санын көбейткен сайын 
ол шеңберге ұқсай береді, ал шексіз өсірсек, шеңберге ұласады, екі 
жағы тең үшбұрышты да ұзарта берсек, оның екі жағы бір-біріне 
жақындап, шексіздікке жақындаған сайын бір сызыққа айналады, яғни 
қарама-қарсылық-бір-біріне өтіп, бірегейлікке ұласады. 
Олай болса, адамның шектелген ақыл-ойы шексіздікке, яғни 
Құдайға қарама-қарсылықтың бірлігін түсіну арқылы жақындай береді. 
Шектелген заттарды біз шексіздікпен байланыстырып қарауымыз 


144
керек. Ал адам оның сыртында ақыл-ой иесі болғаннан кейін, өзінің 
санасында бүкіл болмыстағы шынайы және болуы мүмкін заттардың 
кейпін сақтайды. Адам – сондықтан шығармашылыққа жаратылған 
пенде. Олай болса, ол – адамдық Құдай (Humanus Deus). 
Адам Құдайға, әсіресе өзінің ақыл-ойы арқылы жақындайды. Ол 
күрделі және үш құрамдас бөліктен тұрады. Ол сезім мен елестеу 
(Sensus), ақыл-ой (ratіo) және зерде, парасат (іntellectus). Ақыл-ой – 
сезім мен зерденің арасындағы дәнекер. 
Сезіммен тығыз байланысты ақыл-ой ғылымды тудырады. Бірақ 
адамның таным мүмкіндігі ол екеуімен сарқылмайды. Тіпті сезім мен 
ақыл-ойдың тұрпайы түрлері жануарларда да бар. Адамның басқа 
тіршіліктерден үзілді-кесілді айырмашылығы ақыл-ойдың зердемен 
байланысында. Соңғы толығымен жануарларда жоқ. 
Зерде арқылы біз дүниедегінің ең терең алғашқы негіздеріне дейін 
жете аламыз, метафизикалық сұрақтарға жауап береміз. Зерденің 
«сезімдік-денелік» дүниеге еш қатысы жоқ «Ол уақыттан да, өтпелі 
дүниеден де тыс, олардан абсолютті ерікті». Егер сезімдік және ақыл-ой 
танымы айнала қоршаған ортаға тәуелді болса, зерде олардың бәріне 
тәуелсіз, ол Құдайдың ақыл-ойына жақын, сондықтан ол ең жалпы, 
тұрақты, өшпейтінді аша алады. 
Әрине, әр адам қанша ұлы болса да – өз заманының тұлғасы. 
Сондықтан Н.Кузанский сенім мен зердені салыстыра келе, сенімді 
жоғары тұтады. Бірақ ол соқыр сенім емес, өйткені «зерде сеніммен 
бағытталады, ал сенім зерде арқылы анықталады». Тек зерде 
арқылы ғана біз шексіз Құдайға жақындай аламыз. Құдай барлық 
жерде болғаннан кейін – Ол «бары», ал еш жерде оның тұрақтанып 
қалмағаннан кейін, Ол – «бәрінің жоқтығы». Бүкіл ғарышты өзі ішінде 
қамтығаннан кейін, Ол – «абсолютті максимум», ал сонымен бірге 
көзге ілінер-ілінбес кішкентай да болғаннан кейін, Ол – «абсолюттік 
минимум». Абсолютті максимум мен минимумның екі ортасында көз 
алдымыздағы бүкіл дүние орналасқан. 
Ақиқатқа жету мәселесіне келер болсақ, бұл жолда өзінің қарама-
қарсылығы жалғандықпен бірге беріледі. Ақиқат пен жалғандық 
күн мен түн, сәуле мен түнек сияқты. Ең жоғарыдағы жарыққа 
толы дүниенің өзінде қараңғылық бар, ал төменгі дүние қараңғыға 
толы болғанымен, сәуледен толығынан құр емес. Олай болса, ең 
терең білімнің тайыздығы айқындала түседі. «Нағыз білетін өзінің 
білмейтінін біледі». 
Қорыта келе, Н. Кузанский философиялық қөзқарастарының 
болашақ, Жаңа дәуірдегі ой-пікірге өзінің зор әсерін тигізгенін атап 
өтуіміз керек. 


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   422




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет