Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет23/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

ДӘРІС № 13 
1. ТАҚЫРЫБЫ:Фармацевтік факторлар: қосымша заттар табиғаты және мөлшері
дәрілік түр және оны ағзаға енгізу жолдары, технологиялық факторлар. Олардың 
дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсері. 
2. Мақсаты: студенттерде қосымша заттар және олардың дәрілердің терапевтік 
эффективтілігіне әсері туралы білім қалыптастыру. 
3. Дәріс тезистері: 
1. Фармацевтік факторлар: қосымша заттар табиғаты және мөлшері, дәрілік түр және 
оны ағзаға енгізу жолдары, технологиялық факторлар.
2. Олардың дәрілердің терапевтік эффективтілігіне әсері 
Биофармацевтік зерттеулер дәрілік препараттың терапевтік эффективтілігіне 
қосымша заттардың табиғаты мен мөлшері фармацевтік факторлардың арасында ең 
маңызды және күрделі әсер көрсететіндігін белгіледі. 
Бұл фактор дәрілік заттардың физико-химиялық қасиетіне, фармакокинетикасына 
және сол арқылы препараттың терапевтік эффективтілігіне әсер етеді. 
Дәрінің терапевтік эффектісіне қосымша заттардың табиғатымен қатар олардың 
мөлшері де маңызды әсер етеді. Бұл әсер әр түрлі жағдайда әр түрлі болуы мүмкін. 
Дәрілік түр әсер етуші және қосымша заттардың күрделі физико-химиялық жүйесі 
болып саналады. 
Биофармация көзқарасынан қосымша заттарды тек олардың арзандығы, қол жеткізу 
мүмкіндігі және дәрілік түрлерге керекті технологиялық қасиеттер беру қабілетіне ғана 
байланысты таңдауға болмайды. Соңғы уақытта әдебиеттерде жаңа дәрілік түр жасауда 
көмекші заттардың рациональды құрамын таңдауда математикалық модельдеу 
мәліметтері бар. Бірақ әр жеке жағдайда көмекші заттардың препараттың терапевтік 
белсенділігіне әсерін жеткілікті дәл алдын ала айтуға және модельдеуге мүмкіндік жоқ, 
яғни көмекші заттар әсерінің бағытын тек қана тәжірибелік жолмен анықтауға болады. 
Сондықтан, әр жеке жағдайда қандай да болмасын көмекші заттардың қолдану мүмкіндігі 
арнайы зерттеулерді талап етеді. Осындай зерттеулердің міндеті – дәрілік түрдің 
технологиялық қасиеттері мен сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге, ерекше маңызды 
болатын препараттың жеткілікті тұрақтылығын, максимальды биологиялық тиімділігін 
және оған тән фармакологиялық әсер спектірін қамтамасыз ететін рациональды көмекші 
заттарды таңдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет