Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»



Pdf көрінісі
бет2/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

4. ИЛЛЮСТРАЦИЯЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: кестелер және анықтамалық материалдар 
слайдтар түрінде. 
5. ӘДЕБИЕТ ҚОСЫМША 1 КӨРСЕТІЛГЕН. 
6. БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ: 
1. Таблеткаларға дәрілік түр ретінде анықтама беріңіз. Таблеткалардың артықшылықтары 
мен кемшіліктерін атаңыз. 
2. Таблеткаларға қойылатын негізгі талаптар. 
3. Таблеттеу механизмін қандай теориялар тұрғысынан түсіндіруге болады? 
4. Таблеткалардың дәл дозалануын, механикалық беріктігін, ыдырағыштығын қамтамасыз 
ететін негізгі шаралар қандай? 
 
 
 
ДӘРІС № 2 
1. ТАҚЫРЫБЫ: 
Таблеткалар 
өндірісінің 
технологиялық 
схемасы. 
Түйіршіктеудің мәні және тәсілдері. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын 
қосымша заттар, олардың жіктелуі, қолдану мақсаттары. 
 
2. МАҚСАТЫ:Таблеткалар және оларды дайындаудың теориялық негіздері туралы 
білімді қалыптастыру. Студенттерге таблеткалар өндірісінің технологиялық сатыларын 
үйрету. 
3. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ: 
1. Таблеткалар. Жіктелуі.
2. Таблеткалар өндірісінде қолданылатын қосымша заттар, олардың жіктелуі, қолдану 
мақсаттары.
3. Таблеткалар өндірісінің технологиялық схемасы.
4. Түйіршіктеудің мәні және тәсілдері, қолданылатын қондырғылар.
Өндірісте шығарылатын таблеткалардың барлығы дерлік қосымша заттар қосу 
арқылы дайындалады. Тек аздаған тобы ғана қосымша заттарсыз дайындалады. Қосымша 
заттардың негізгі қолданылу мақсаты - бұл бір жағынан оңай дозаланатын және 


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 5 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
престелетін масса алу, екінші жағынан - дәрілік заттардың таблетка құрамынан қажетті 
жылдамдықпен бөлініп шығуын қамтамсыз ету. 
Таблетка құрамына енгізілетін косымша заттардың негізгі мөлшерлері МФ XI 
басылымында «Таблеткалар» жалпы мақаласында көрсетілген. Қосымша заттардың 
жалпы мөлшері дәрілік заттың мөлшерінің 20 пайызынан аспауы керек. Тек 
толықтырғыштардың қолданылатын мөлшерінде ғана ерекшеліктер бар, олардың 
таблеткадағы мөлшері шектелмейді. Нормадан ауытқулар жеке макалаларда көрсетіледі.
Мысалы, таблетка салмағынан тальктың мөлшері 3%-дан, стеарин қышқылының, магний 
немесе кальций стеаратының мөлшері 1%-дан, твин-80 - 1%-дан аспауы керек. 
Қазіргі кезде таблетка өндірісінде қолданылатын қосымша заттардың 150-ден астам 
түрі бар. Ал олардың тек 70 ғана мемлекеттік реестерге кіргізілген. Химиялық — 
фармацевтік өндіріс өз қажеті үшін арнайы қосымша заттар шығармайды. Оларды химия, 
тамақ, тау-кен және т.б. өндірістерден алады. Осы заттар санитарлық — гигиеналық 
нормалары бойынша медицина қажетіне жарамайтынын атап айту керек. Сондықтан да 
болар, МФXI - басылымына таблетка өндірісі үшін қосымша заттардың тек 23 түрі ғана 
енгізілген. 
Таблетка өндірісінде қолданылатын барлық косымша заттарды олардың қолданылу 
мақсаты бойынша мына топтарға бөлуге болады: 
- байланыстырғыштар 
- антифрикциондық заттар 
- ыдыратқыш заттар 
- толықтырғыштар 
- бояғыш заттар 
- препараттың әсерін ұзартатын заттар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет