Дәрілер технологиясы кафедрасы
044-43/19 - (2020-21)
28 беттің 20 беті
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені
көрініп тұрғандай, ректальді суппозиторийлер тік – ішекке; вагинальді – қынапқа;
таяқшалар – несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.
Ректальді енгізгенде инфекцияның түсуі мүмкін емес,
арнайы медициналық
персоналды, дайындаудың асептикалық жағдайларын жасаудың қажеттілігі жоқ.
Енгізгенде ауыртпауы және жағымсыз дәмі мен иісінің бүркелуі де суппозиторийлердің
артықшылығын көрсетеді. Қазіргі уақытта өндірісте келесі препараттар шығарылады:
«Анузол», «Нео-Анузол», «Бетиол», «Анестезол» суппозиторийлері; құрамында:
теофиллин,
новокаин, левомицетин, синтомицин, апилак,
ихтиол бар суппозиторийлер
және де «Лютенурин» вагинальді суппозиторийлері мен «Димедрол» таяқшалары.
Суппозиторийлер номенклатурасы әрдайым толықтырылуда. Суппозиторийлерді
дайындауда форма түзгіш заттар ретінде негіздер қолданылады. Әр түрлі елдерде
суппозиторий негіздерінің бірнеше жіктелуі ұсынылған. Біздің
елде негіздердің келесі
жіктелуі ұсынылады:
А) липофильді
Б) гидрофильді
В) синтетикалық
Суппозиторийлер негізіне бірқатар талаптар қойылады:
1. балқу температурасы төмен (37 С-тан жоғары емес) болуы тиіс;
2. суппозиторийлердің сырт түрінің өзгеруін болдырмайтын, бөлме
температурасында тиісті консистенциясын сақтау үшін,
қаттылығы жеткілікті
болуы тиіс;
3. физиологиялық индифферентті;
4. тітіркендіру әсерінің болмауы;
5. дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
6. сақтау кезінде тұрақты болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: