Дәріс кешені пән: Дәрілердің өндірістік технологиясы Пән коды: dot 2304 ббб: «Фармация»


Суппозиторийлердің зауыттық өндірісі



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата10.10.2022
өлшемі488.01 Kb.
#462291
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Лекция ДӨТ 2 курс ускорен. 2020-21 каз

Суппозиторийлердің зауыттық өндірісі. 
Суппозиторийлерді илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды. Өндіріс жағдайында 
суппозиторийлерді құю әдісімен алады. Суппозиторийлері жасаудың технологиялық 
схемасы келесі сатылардан тұрады: 
1) негізді дайындау 
2) дәрілік заттарды негізге енгізу 
3) қалыптау (құю) 
4) стандарттау 
5) суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау. 
Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы. 
1) Лиофильденген суппозиторийлер. 
2) Престелген (немесе таблеттелген) суппозиторийлер.
3) Екі қабатты немесе екі құрамды суппозиторийлер.
4) Ректальді жағар майлар 
5) Ректальді капсулалар.
6) Ерітінділерді ректальді тамызғыштар – ректиолалар 
7) Ректальды тампондар 
Ректальды дәрі түрлерін гериатрия мен педиатриялық тәжірибеде қолдану өте ыңғайлы. 
Аэрозольдер бұлар өндiрiсте шығарылатын дайын дәрi түрi, мұнда дәрiлiк және 
қосымша заттар пропеллентпен бiрге тығыз жабылған арнайы баллонның iшінде қысым 
астында болады.


Дәрілер технологиясы кафедрасы 
044-43/19 - (2020-21) 
28 беттің 21 беті 
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені 
Дәрiлiк, қосымша заттар мен ығыстырғыштарды құюға арналған ыдыстарды 
баллондар деп атайды. Оларды металдан, полимерден және шыныдан дайындайды. Бiздің 
елде баллондар тек шыныдан сыртын полиэтиленнен, поливинилхлоридтен жасалған 
полимерлi қабатпен қаптап дайындайды. Шыны баллондар НС-2 және НС-2А маркалы 
бейтарап шынылардан жасалынады, олардың көлемi 15 мл-ден 80 мл-ге дейiн. Баллонның 
қабырғаларының қалындығы бiркелкi және 20 атмосферадан кем емес iшкi кысымға 
төзiмдi болуы керек. 
Шыныға қойылатын негiзгi талаптардың бiрi - жоғары химиялық төзiмдiлiгі. Ол - 
пропелленттердiң, органикалық ерiткiштердiң, дәрiлiк заттардың агрессивтi әсерiне қарсы 
тұру қабiлетi. Шыны термиялық төзiмдi болуы керек, 150°С-қа жуық температура 
айырмашылығына шыдамды болуы керек.
Пластырлер - дене температурасында жұмсарғаннан кейiн терiге жабысып қалатын 
қабiлетi бар сырт тәнге қолданылатын дәрiлік түр. Олар терiден оңай ажырап, iз 
қалдырмайды. Бұл бүкiл дүние жүзiнiң Фармакопеяларына кiрген өте ескi дәрiлік 
түрлердiң бiрi. Қазiргi кезде пластырлердiң номенклатурасы және қолданылуы өте жан-
жақты. 
Пластырлердiң құрамына шайырлар, парафин, балауыз, жоғарғы май 
қышқылдарының тұздары (қорғасын сабыны), тоң майлар, каучук, шайырлы 
қышқылдардың тұздары, ланолин, вазелин, церезин, ұшқыш ерiткiштер (эфир, этанол) 
және әртүрлi дәрiлiк заттар кiредi. Осы заттарды үйлестiрiп қолдану пластырлерге тиiстi 
құрылымдық-механикалық қасиеттер бередi, бiрте-бiрте жұмсару, терiге жабысу және 
терапевтiк әсер ету қабілетiн қамтамасыз етедi.
Пластырлер қағаз немесе мата бетiне массаның жұқа қабаты жағылған түрде немесе 
бөлшектенген плиткалар, таяқшалар, цилиндрлер, флакондарға құйылған сұйықтықтар 
түрiнде шығарылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет