Ахмет Байтұрсынұлы. Тіл – құрал



Pdf көрінісі
бет60/98
Дата13.10.2022
өлшемі2.67 Mb.
#462563
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98
tileshov erbol kurast akhmet baitursynuly til kural

 
 
 
 
 
 
 


212 
Жазу тәртібі 
Оқу керек. Оқу керек емес деп ешкім айтпайды. Сондықтан даулы 
нәрселер турасында жұрт бір итпақға келіп жеткенше, даусыз нәрсе оқуды 
тәртіпті жолға түсіру жайындағы ойымызды жұрт алдына салалық. 
Қазаққа керек оқу екі түрлі: бірі – мұсылманша оқу, бірі – русша оқу. 
Осы күні алты-жеті жыл русша оқығандарымыз дұрыстап русша сөйлей 
алмайды әм жаза алмайды. Русша жақсы білуге он-он бес жыл керек. 
Ондай уақыт оқуға жалпақ жұрттың бәрінің қолы жете алмайды. 
Сондықтан русша оқудан көрі жалпақ жұртқа керегірек әм қолы жетерлік 
оқу жайын айтамын. Мұсылманша оқуға, мұсылманша болғанда қазақша 
оқуға, оншама көп жыл керек емес. Не үшін десеңіз, русша оқығанда тіл 
үйренуге кететұғын уақыттар басқа нәрселерді үйренуге керек уақытқа 
ауысады. Сондықтан русша 6-7 жыл оқып білетұғын білімдерді қазақша 
үш жыл оқып білуге болады. Русша оқып дұрыстап қат жаза білуге аз 
болса 8-9 жыл керек. Қазақша дұрыстап қат жаза білуге бір-екі-ақ жыл 
керек. Қазақша оқу дегенде мен осы күнгі мұсылманша оқып жүрген 
жолменен оқуды айтпаймын, қазақтың тіліменен оқуды айтамын. Бұл 
күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, 
оныменен жүріп қат жаза білуге жеткенше русша білуден уақыт кем 
кетпейді. Себебі, қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб 
тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, мый ашып, балалар әуре-
тәуре болады. Сондықтан оқу керектігі даусыз болса, оқуға керек 
құралдарды сайлау керектігі де даусыз. Жақсы құралменен іс істегенде 
көпке тиіп жанды қинамайды.Оқу құралы сондай, жан қинамайтұғын 
болса, жақсы болады. Әр істің басы қиын. Басында қиналмай кетсе, онан 
әрі тың кетеді. Бұлай болған соң әуелі оқу құралы жақсы болып жан 
қинамасына не керек? Соны сөйлелік. 
Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап; оның жақсы 
болып, балалардың жанын қинамасына жазудың тіртібі болуы шарт. 
Тәртіпті жазу деп айтамыз: тілдегі бар дыбыстың бас-басына арнаған 
белгісі (қарпі) бар болса. Осы күнгі жазуымызда дыбыс басына арнаған 
белгіміз жоқ; бір белгіменен әлде неше түрлі дыбыстарды жазамыз. 
Мысалы: ....... -менен жазамыз бес түрлі дыбысты, «
ى
»-менен жазамыз үш 
түрлі дыбысты. Балаларға әр түрлі айтылатұғын сөзді бір түрлі айтып 
жазып қойып, әр түрлі айтып оқу керек дегеніміз зорлық емес пе? «Бірдей 
жазылған сөзді қалай әр түрлі оқысам дұрыс болады» деп бала қиналмай 
ма? Сондықтан әуелі оқу құралын сайлаудан бұрын жазуымыздың 
тәртібін түзетіп, жөнге салу керек. Сонан соң, сол жөнменен құрал сайлау 


213 
керек. Жазу тәртібі менің ойлауымша болса жарар еді деп, жұрт алдына 
саламын. 
Қазақ тіліндегі дыбыстар әм олардың жазу белгілері (қаріптері). 
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он жетісі дауыссыз, 
екеуі жарты дауысты. 
Дауысты дыбыстар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   98




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет