319
түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай
тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріліп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.
Қазақтың оқу жұмысы бұл күнде школада: қазақ балаларының бір
парасы орысша оқып жүр, бір парасы ескі молдалардан оқып жүр, бір
парасы соңғы замандарда ғана жаңа жолмен оқи бастады. Орысша
оқығандарды оқыту һәм тәрбиелеу ғылымы оқыған адамдардың қолында.
Орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек,
керек болғанда
қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи, жаза білген соң, шама
келсе орысша да білу қажет. Ескі жолдың оқуын сөз қылып, қозғамаймын.
Бүгін бар, ертең жоқ болатын нәрсе. Дүния тегеріші кейін айналмайды.
Ескі мен жаңаның (оқытуға) шыдамдылығы бірдей емес. Ескі әлі-ақ
тозып, жыртылып, пара-пара болып, тұтынудан шығады.
Жаңа жолдың оқуы жаңа оқып шыққан жас мұғалімдердің қолында.
Бұлардың күштері тың, білімдері соны, пікірлері жаңа. Ниеті – жұртына
қызмет ету. Бұлар білгенін, тапқан-таянғанын жұртынан аяп қалатын емес.
Қазақтың бастауыш мектебіндегі жұмысын қолдарына алуға лайық
адамдар. Әр жайдан хабардар, дүниеде не істеліп, не қалыпта тұрғанынан
бұлардың мағлұматы мол. Қысқасы, қазақ арасына білім нұрын жаюға
нағыз қолайлы адамдар.
Бұлардың бір кемшілігі сол: бала
оқыту ғылымын оқығандары
ішінде кем болады. Сондықтан көбіне бала оқытуында кемшіліктері –
қазақ мұғалімдері түгіл, ноғай мұғалімдерінің көбі дыбыс айыру жағына
шорқақ көрінеді. Дыбысты жақсы білмей, усул сотие жолымен жақсылап
бала оқытуға болмайды. Менің көрген медресе "Ғалия", медресе
"Хұсиниядан" шыққандардың азы болмаса, көбі қазақ тілінде қанша һәм
қандай дыбыстар бар екенін жақсы білмейді, көбі қазақ тіліндегі дыбысты
араб харыфына қарап есептейді. Араб харыфы дұрыс келмейтін дыбыс
қазақ тілінде де бар болса да, жоққа санайды. Қазақ тіліндегі дыбысты
жақсылап білмей, қазақ балаларын усул сотие жолымен жақсылап оқытуға
болмайды.
Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын
ноғай мұғалімдері де оқуды дыбыспен жаттықтырудан бастамайтын
көрінеді. Ол
дыбыспен жаттықтырудың оқуды, жазуды жеңілдетуге
пайдасы көп екенін я білмегендік, я білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспен
балаларды жаттықтыру – оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу
басталса, барысы да түзу болмақшы.
Осы айтылған кемшіліктерін түзеу мұғалімдерге қиын емес. Қазақ
тіліндегі дыбысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды айырып
байқаумен білуге болады. Дыбыспен жаттықтыруды олай оқыта білетін