Жетписбаев батыр адамович


§4. Қылмыстық заңның белгiлi уақытта қолданылуы



Pdf көрінісі
бет11/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

§4. Қылмыстық заңның белгiлi уақытта қолданылуы
Қылмыстық жауаптылық туралы заңды дұрыс қолдану үшiн ең алдымен, қылмыстың жасалу уақытын, 
екiншiден, қылмыстық заңның қолдану уақытын анықтап алу қажет. ҚР ҚК-тiң 4-бабында заңшығарушы 
қоғамға қауiптi iс-əрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптың басталған уақытына қарамастан, қылмыс 
жасалған уақыт деп нақты атап көрсеткен. Яғни, кез келген қылмыс түрi үшiн (материалдық, формальды, 
келте) қоғамға қауiптi əрекет немесе əрекетсiздiк жасалған уақыт қылмыстың жасалу уақыты деп
танылады. Ал қылмыстық құқықта жасалу уақытының ұзақтығына қарай бөлiнетiн жалғаспалы жəне 
созылмалы қылмыстарда қылмыстың жасалу уақыты басқаша анықталады. Мысалы, жалғаспалы 
қылмыстарда (қашқындық, қаруды заңсыз сақтау, салық төлеуден жалтару жəне т.б.) осы қылмыстың 
аяқталу сəтiнде күшi жүрiп жатқан заң қолданылса, ал созылмалы қылмыстарға жиынтығы бiр қылмыс 
құрамын құрайтын қылмыстық актiнiң соңғысын жасаған кезде күшiнде болған қылмыстық заң 
қолданылады.
Əрекеттiң қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол əрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен
белгiленедi, яғни тек заңды күшiне енген қылмыстық заң ғана қолданылады. Заңның күшiне енуi деп оның 
барлық мемлекеттiк немесе мемлекеттiк емес органдар, ұйымдар жəне азаматтар үшiн мiндеттi болу сəтiн 
түсiну қажет.
Заңның күшiне енуi туралы бiрнеше ережелер бар:
1). Егер заң құқық саласының негiзгi заңы ретiнде танылса, онда заңның күшiне ену мерзiмi сол заңның 
текстiнде тiкелей көрсетiледi жəне сол көрсетiлген уақытта күшiне енедi. Мысалы, ҚР Қылмыстық 
Кодексiн күшiне енгiзу туралы сол заңның өзiнде тiкелей көрсетiлген.
2). Егер заңның өзiнде заңның күшiне ену уақыты көрсетiлмесе, ресми басылымдарда жарияланғаннан 


кейiн 10 күн мерзiм өткен соң күшiне енедi. Мұндай ресми басылымдарға ҚР Парламентiнiң 
ведомстволары, 
″Егемен Қазақстан″, ″Казахстанская правда″, ″Заң″, ″Юридическая газета″ басылымдары 
жатады.
Қылмыстық заң ҚР барлық территориясында бiр мезгiлде заңды күшiне енедi.
Қылмыстық заң мына жағдайларда өз əрекетiн, күшiн тоқтатады:
1). Қылмыстық заңның күшiн жойғанда немесе сол заңды басқа заңмен алмастырған жағдайда,
2). Заңда көрсетiлген мерзiм өтiп кетсе немесе осы заңды қабылдауға байланысты жағдайлар өзгерген
жағдайда.
Белгiлi бiр қылмыс үшiн қылмыстық жауаптылық сол қылмыстық əрекет жасалған уақытта
қолданылған қылмыстық заңмен белгiленедi. Алайда, осы қылмыстық заңды уақытта қолдану бойынша бiр 
ерекше жағдай бар, ол қылмыстық заң осы заң күшiне енгенге дейiн жасалған əрекеттерге де қолдану 
мүмкiндiгiн қарастырады. Бұл жағдайды қылмыстық заңның керi күшi деп атайды. ҚР Қылмыстық 
Кодексiнiң 5-бабына сəйкес: 
″Əрекеттiң қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын, 
жауаптылықты немесе жазаны жеңiлдететiн немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзге де жолмен
жеңiлдететiн заңның керi күшi болады, яғни осындай заң күшiне енгенге дейiн тиiстi əрекет жасаған 
адамдарға, оның iшiнде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бiрақ соттылығы бар адамдарға 
қолданылады
″ деп көрсетiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет