Жетписбаев батыр адамович


Жанама қасақаналықта адам



Pdf көрінісі
бет49/128
Дата13.10.2022
өлшемі1.57 Mb.
#462596
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҒЫЛЫМЫ

Жанама қасақаналықта адам:
1)
өз iс-əрекетiнiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғынады;
2)
оның қоғамға қауiптi зардаптарының болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлуi;
3)
осы зардаптардың болуын тiлемесе де, оған саналы түрде жол бередi не бұған немқұрайды қарайды. 
Интеллектуалдық кезеңдi құрайтын iс-əрекеттiң қоғамға қауiптiлiк сипатын ұғыну белгiсi бойынша 
жанама қасақаналық тiкелей қасақаналықпен ұқсас келедi. Алайда, тiкелей қасақаналықтың 
интеллектуалдық кезеңiндегi екiншi белгi - қоғамға қауiптi зардаптың болуы мүмкiн екенiн немесе болмай 
қоймайтынын алдын ала бiлу жанама қасақаналықта кiшкене өзгеше сипатталған. Жанама қасақаналықта 
адам қоғамға қауiптi зардаптың болуы мүмкiн екенiн алдын ала бiлгенiмен, оның болмай қоймайтынын 
алдын ала бiле алмайды. Өйткенi, мұндай алдын ала бiлу мүмкiндiгi тек тiкелей қасақаналықтың белгiсi 
болып табылады. 
Тiкелей қасақаналық пен жанама қасақаналықтың негiзгi айырмашылығы ерiктiлiк кезеңдерiнде. Егер 
тiкелей қасақаналықта ол қоғамға қауiптi зардаптың болуын тiлеумен сипатталса, ол жанама қасақаналықта 
– кiнəлi адам бұл зардаптың болуын тiлемейдi жəне зардаптың болуына саналы түрде жол берiп, 
немқұрайды қарайды. Мұнда қоғамға қауiптi зардаптардың болуына саналы түрде жол беру дегенде
кiнəлiнiң осы зардаптардың шын мəнiнде iс жүзiнде болатынын алдын ала бiле тұра оларды болдырмауға 
ешқандай əрекет етпеуiн түсiну қажет. Мысалы, анасы жана туған сəбиiнен құтылу мақсатымен баланы 
отыз градустың аязда адамдар жүретiн көшеге бiреу көрiп алып кетер деген үмiтпен тастап кетедi. 
Жанама қасақаналық формальды құрамдағы қылмыстарда кездеспейдi. Өйткенi, формальдық құрамдағы 
қылмыстарда кiнəлiнiң əрекетке ерiктi қатынасы тек тiкелей қасақаналықпен сипатталады. Мысалы, 
бұзақылық əрекеттерiн немесе есiрткi заттардың заңсыз айналымын жасауды тiлеп жатып бiр уақытта 
оларды жасауды тiлемей қалу мүмкiн емес. Немесе адамды қорлап тұрып кiнəлi адам өз əрекетiне 
немқұрайлы қарап немесе оған саналы түрде жол беруi мүмкiн емес. 
Қылмыстық заңда қарастырылған тiкелей немесе жанама қасақаналықтан басқа теория мен тəжiрибеде 
қасақаналықтың мазмұнына, бағыттылығына, пайда табу жəне құрылу жағдай ларына қарай өзге де
түрлерге бөлуге болады: анықталған қасақаналық, анықталмаған қасақаналық, алдын-ала ойластырыл ған 
қасақаналық, аяқ асты пайда болған қасақаналық, аффектiлi қасақаналық. 
Қасақаналықты аталған түрлерге бөлу субъектiнiң қасақана қылмыс жасаған кездегi психикалық 
қатынасының ерекшелiктерiне негiзделген. Мұндай түрлерге бөлу кiнəнiң дəрежесiн жəне нақты 
айырмашылығын анықтауға, кiнəлiнiң жауаптылығын дұрыс жекешелеуге əсер етедi. Аталған 
қасақаналықтың түрлерi кiнəнiң жеке нысандарын құрамайды немесе тiкелей не жанама қасақаналық 
түсiнiктерiн алмастырмайды, олар тек осы екi нысанның шегiнде ғана болады. Тiкелей немесе жанама 
қасақаналықтың белгiлерi болғанда ғана қасақаналықты аталған түрлердiң бiрiне жатқызу жөнiнде сөз 
болуы мүмкiн. 
Субъектiнiң өз əрекетiнiң қоғамға қауiптi зардаптарын нақты болжап бiлу дəрежесiне жəне бағыттылығына 
қарай қасақаналық анықталған жəне анықталмаған болып екiге бөлiнедi. 
Анықталған қасақаналықта кiнəлi өз əрекетiнiң нəтижесiнде қандай нақты қоғамға қауiптi зардаптың 


туатынын алдын ала бiледi. Мұнда қасақаналық белгiлi бiр нақтыланған нəтиженiң тууын анық бiлумен 
сипатталады. Мысалы, азамат Т. өзiнiң танысы С-ң жеңiл автомобил сатып алғандығын бiлiп, оның 
гаражына түсiп автомобильдi айдап əкетедi. Мұнда азамат Т. тiкелей анықталған қасақаналықпен 
əрекет еттi. 
Анықталған қасақаналықтың бұл түрiнде субъект өз əрекетiнiң нəтижесiнде екi немесе одан да көп нақты
қоғамға қауiптi зардаптардың болатынын көре бiледi. Мысалы, адамға күш қолданып, азаптау нəтижесiнде 
денсаулыққа ауыр зиян келтiретiнiн немесе адамның өлуi мүмкiн екенiн болжай бiлсе, бұл жағдайда 
субъектiнiң əрекетi нақты туындаған зардапқа байланысты сараланады. 
Анықталмаған қасақаналықта кiнəлi адам қоғамға қауiптi қандай да бiр зардаптардың болатынын бiледi
бiрақ оларды нақтыламайды. Мысалы, ұрыс-төбелес кезiнде бiр топ адамның жəбiрленушiнi жан-жақтан 
ұрып-соғуы кезiнде кiнəлi адамдар денсаулыққа зиян келтiрiлетiнiн ұғынады, бiрақ зиянның ауырлық 
дəрежесiн болжап бiлмейдi. Бұл жағдайда да жауаптылық iс жүзiнде келтiрiлген зиян бойынша туындайды. 
Қылмыстық ойдың пайда болу жағдайларына қарай қасақаналық алдын-ала ойластырылған жəне аяқ 
астынан туындаған қасақаналық болып бөлiнедi. Ал аффектiлiк қасақаналық аяқ астынан пайда болған 
қасақаналықтың бiр түрiне жатады.
Алдын ала ойластырылған қасақаналықтың өзiне тəн ерекшелiгi: қасақаналықтың пайда болуы қылмыс 
жасаудан бiршама уақытқа бұрын қалыптасады. Қылмыс жасаймын деп шешкен субъект, алдымен оны 
жасау əдiстерiн ойластырады, дайындық жүргiзедi, көмектесушiлердi iздеп, содан соң ғана қылмысты
жүзеге асырады. Мысалы, ұйымдасқан топ жасайтын қылмыстар. Алдын ала ойластырылған 
қасақаналықтың болуы қылмысты саралауға əсер етпейдi, дегенмен ол кiнə дəрежесiнiң жəне қылмыс 
жасаған адамның жоғары қауiптiлiгiн куəландырады. 
Алдын ала ойластырылған қасақаналыққа қарағанда аяқ-астынан пайда болған қасақаналықта адамда 
қылмыс жасау ниетi кенеттен пайда болып жəне тез арада, қысқа уақыт аралығында жүзеге асырылады. 
Көбiнесе ол бұзақылық ниетпен жасалатын қылмыстарда көрiнедi. 
Кенеттен пайда болған қасақаналықтың бiр түрi болып табылатын аффектiленген қасақаналықта қасақана 
ниет аяқ асты пайда болған ауыр жан күйзелiсi жағдайында пайда болып қысқа уақытқа созылады жəне тез
арада жүзеге асырылады. Аффектiленген қасақаналық, егер ол өзге адамдардың көбiне жəбiрленушiнiң 
заңға қайшы əрекеттерi нəтижесiнде туындаса ғана қылмыстық-құқықтық мағынаға ие болады. Мысалы, 
ҚК-ң 98-бабындағы жан күйзелiсi жағдайында болған адам өлтiру қылмысы. 
Жалпы объективтi түрде алғанда, алдын ала ойластырылған қасақаналық қауiптiрек, өйткенi ол 
жоспарланған жəне дайындалған, онда қылмыстың жүзеге асу мүмкiндiгi көп. Бiрақ бiр жағынан, алдын ала 
ойластырылған қасақаналықта қылмысты дайындалу немесе оқталу сатыларында тоқтатуға да мүмкiндiк 
бар. Ал аяқ астынан пайда болған қасақаналықтың түрi ретiнде аффектiленген қасақаналықты 
заңшығарушы қылмыстың қоғамға қауiптiлiгiн төмендетуге елеулi əсер етушi жағдай ретiнде бағалайды. 
Алайда, мұндай жағдайда жауаптылықты жеңiлдету аффектi (жан күйзелiсi) себебiнен емес, сол аффектiлiк 
(жан күйзелiс) жағдайдың жəбiрленушiнiң заңға қайшы əрекеттерiнен туғандықтан берiлген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет