Нормативтік сілтемелер Анықтамалар



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата14.10.2022
өлшемі0.79 Mb.
#462726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
2 - ДЖ Смагулова Т.М

Кейс, Web, коммуникациялық және Ақпараттық технологиялар. Ақырғы 
кезде Казақстанда – этнопедагогиалық негіздерін оқу процесінде кеңімен 
таралды. 
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, 
жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ 
уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс, 
жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. Инновацияны 
«жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал 
инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады. Инновация 
білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [15]. 
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын 
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық 
технологияны меңгеру әрбір оқытушының интеллектуалдық, кәсіби, рухани-
адамгершілік, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің 
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі [16]. 
Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет 
оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік 
шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және 
шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.
Мұндай технологияларды қолдану:
біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға 
көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады;
-екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы 
кеңейеді.



Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа 
технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.
Ол әр педагогтан өз қызметінде жеке тұлғаға, оның қызығушылығы мен 
проблемасына бет бұруда маңызды өзгерісті талап етеді. Біз де әрдайым білім 
берудің жаңа технологиясын меңгеріп, жұмыстың тиімді жолдарын табу үшін 
жұмыстану үстіндеміз. Мақсатта айқын - ол балалардың мектепке 
қызығушылығын және оқуға ынтасын көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі 
педагогикалық технологияларды қолдану, баланың жеке тұлғасын және 
шығармашылық ынтымақтастық жағдай қалыптастыру. 
Инновация дегеніміз — жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу
жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен 
шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені 
қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-
әрекеттің біртұтас бағдарламасы.
Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті – белгілі бір көлемдегі білім 
берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты 
жағдайларында қолдана біліп, қоғамға пайдасын келтіру. 
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына 
сүйене отырып, біз оқыту технологияларын тиімді жақтарын таңдап алуымыз 
қажет және оқыту-тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен 
енгізілуі керек. 
Қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды оқу процесіне енгізу 
осы проблемаларды шешуге маңызды рөль атқарады. Оқу процесінде қолдану 
үшін ұсынылып жатқан технология түрлері өте көп. 
Соңғы мәліметтерге қарағанда бес бағыттан бағдарланған 50 - ге жуық 
технологиялар ғылыми түрде негізделген. Сондықтан осындай жаңартылған 
технологиялардың ішінен өз қажеттісін таңдап алу - әр мұғалім үшін 
жауапкершілікті қажет ететін іс (сурет 1). 
Сурет 1–Қазіргі замандағы педагогикалық жаңа технологиялар 
 
Электронды оқыту технологиясы – оқушылардың үздіксіз және өз 
бетімен білім алуына бағытталған білім беру процесінің жаңа әдістемесі. Бұл 
талаптардың максималды өзгеріс бере орындалуына білім беру ісінде 
Педагогикалық 
жаңа 
технологиялар
Өзін-
өзі 
дамыта 
оқыту"
Моду
льдік 
оқыту

Ұжым
дық 
оқыту 
Міндетті 
нәтиже 
негізіндешағын 
мақсатпен оқыту"
Сара
лап оқыту" 
Жүйелі оқыту технологиясы 


10 
компьютерлік 
қорлар 
мен 
технологияларды 
қолдануға 
негізделген 
дидактикалық жүйе құру арқылы қол жеткізуге болады. Оларға электронды 
пошта, телеконференциялар, электронды кітапаханалар, мәліметтер базасы, 
электронды оқулықтар, видео және аудио материалдар және т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет