Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ



Pdf көрінісі
бет11/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

13
МЕКТЕП ПЕН СЫНЫПТА ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ 
ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ
Жетілдірілген оқыту
Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл 
бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім 
қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, 
бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты 
екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің көптеген мәселелер жөнінде 
қаруланып, сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.
Аталған проблеманы шешу мақсатында ХХІ ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер 
арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Соның нәтижесінде мұғалімдер бірлесе 
жұмыс істеп, инновациялық тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте 
қолданатын оқыту мен оқу тәсілдерінің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен, идеяларды сы-
ныпта шын мәнінде іске асыру үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан бола-
тын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. Мұғалімдердің көпшілігіне 
сын тұрғысынан ойлаудың маңызды әрі тиімді екенін ұғындырудың қажеті жоқ, бұған олардың 
көздері әлдеқашан жеткен. Алайда мұғалімдер оқып, білім алуды және қолдауды қажетсінеді. 
Яғни оқушыға бағдарланған әдістерді пайдалану кезінде сыныпты басқаруда туындайтын про-
блемалармен және жоғары танымдық қажеттілікпен байланысты нақты сабақтарды жоспарлау 
мәселелерін терең түсінуде қолдау көрсету қажет.
Мұғалімнің біліктілігін арттыру
Бағдарлама әлемдік білім беру тәжірибесінде орын алған мұғалімді мектептерге 
инновациялық қызметті «жеткізуші» деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың 
бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп бо-
лып отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда
ХХІ ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды 
меңгеруге тиіс. Осылайша, оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді 
талап етеді.
Әдетте, мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілі деп мұғалімнің оқыту 
тәсілдерін өзгерту мақсатында оның іс-әрекеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп беретін 
тиісті семинарларға бару саналатын. Бұл тәсіл тиімді емес, әрі оның оқыту мен оқуда орнықты 
өзгерістердің орын алуына ықпал ететіндігіне сенім шамалы (Desimone et al., 2002; Оpfer and 
Pedder, 2010). Төменде мұғалімдердің тәжірибесіне жаңалық енгізуге мүмкіндік беретін және 
оның қарқынын қамтамасыз ететін заманауи тәсілдер үлгілері келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет