9
мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.
Мұғалімнің сыныптағы іс-
әрекеттеріне әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің
қалай оқытылуы керектігі
жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.
Іс-әрекет
Шешім
Көзқарас
Ұстаным
2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімі және іс-әрекетінің
негізі
Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау
қабілетін шектеуі мүмкін.
Осыған байланысты, егер дайын білім беретін «дәстүрлі» стиль-
мен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері
дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып,
жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.
Тиімді оқыту
Оқыту барысында ауқымды міндеттер шешіліп, мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс
істейтінін ескерсек,
тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты бо-
лып шығады. Осы сияқты «
мұғалім жұмысының сапасы» да – күрделі феномен, оның мазмұны
мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау
өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бар: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі
(оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда
аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да айтылуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да, «оқыту тиімділігі»
ұғымына қатысты
қарастырылатын екі түрлі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік ны-
сан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас
нәтижесі ретінде қарастырылуы.
Мұғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар жиынтығын
пайдалана отырып, «
сапа» деген ұғымды өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.
Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз
білімдері мен ұстанымдары
жайында ойланып, сұрақтар қойып,
білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу
кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс
оқушының өз болжамдары-
на күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы
өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде
оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау
арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына қолайлы жағдайлар
жасап, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз
кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.