17
Макбеттің «
білім алуға қолайлы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды
талап етеді. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі
талап етіледі (Hoyle, 1974). Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден бо-
сануымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.
Оның орнына мұғалім
оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып
табылатын, кәсібилікке
бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл
тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялардың негізінде
мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003).
Мұндай тәсіл қолданылған
жағдайда кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жа-
сайды. Адамгершілікті пір тұтатын мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға
әсер ету үшін көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көкейлерінде үнемі талапқа сай
оқыту тұрады (Frost, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: