Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу



Pdf көрінісі
бет122/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

115
Сіздің этикалық ұстанымыңызды есепке алу
Әдепке сай әрекет ету және «әдепті болып көріну» екі түрлі нәрсе болып табылады. 
Бағдарламаның кез келген тапсырмасын орындау барысында Сіз олардың көмегімен этикалық 
нормаларға сәйкестікті қадағалайтын және зерттеу үдерісінің осы нормаларға сәйкес жүзеге 
асырылу шараларын қарастыратын оңтайлы әдістерді таңдауыңыз керек. Сіз өз әрекеттеріңіздің 
белгіленген саясатқа және қалыптасқан этикалық нормаларға сәйкестігіне сенімді болуыңыз 
керек. Зерттеу аясындағы жазбаша материалдар орындалған жұмыстың көлемі туралы түсінік 
беріп қана қоймай, басқаларды зерттеуге қатыстыру үшін қолданатын әдістеріңіздің үлгілерін 
де қамтуы тиіс (баласының сіздің жобаңызға қатысуына рұқсат беруін сұрап, ата-анасына 
жазған хатыңыз және т.б.). 
Плагиат
Плагиат басқа автордың жұмысын дереккөзге сілтеме жасамай (жұмыстың мақсаты 
мен қолдану көлеміне қарамастан), өз жұмысы ретінде ұсыну дегенді білдіреді және бұл 
білімсіздікті және академиялық адалдық нормаларын бұзуды көрсетеді. 
Плагиатқа мысалдар: 
дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның мәтінін немесе идеясын көшіріп алып, өз 
меншігі ретінде қолдану
• дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысынан сөзбе-сөз үзінді алу; 
• дереккөзге сілтеме жасамай, басқа адамның жұмысының жекелеген сөздерін немесе 
сөздердің орналасу тәртібін өзгерту арқылы басқаша тілмен жазу; 
құрастырушыға сілтеме жасамай, басқа құжаттан алынған идеяларды қолдану; 
• онлайн дереккөздерді стильдендіру мақсатында Интернеттен ақпараттарды кесіп алу 
және қолдану;
авторға сілтеме жасамай, өз жұмысының бөлігі ретінде басқа біреудің жұмысын ұсыну 
(мысалы, кәсіби агенттіктер арқылы жұмысты сатып алу не тапсырыс беру немесе 
бірлесе орындалған жобаны өзінің авторлық жұмысы ретінде көрсету).
Бірлескен жобаны санамағанда, басқа тұлғамен келісімде жасалған жұмыс (яғни, бірлесіп 
істелгені жасырылған немесе тыйым салынған жағдайда) плагиат болып танылады. Зерттеуде 
оған әрбір қатысушының көрсеткен көмегінің сипаты мен жұмыс көлемі көрсетілуі тиіс. 
Плагиат барлық дереккөз түрлері мен бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты белгіленуі 
мүмкін: мәтінде, суретте, музыкалық үзінділерде, математикалық есептерде, компьютер 
ережелерінде және т.б.; веб-сайттардан алынған материалдарда немесе қолжазбаларда және 
басқа бұқаралық ақпарат құралдарында; дәрістер мен үлестірме материалдарды да қамтитын 
жарияланған және жарияланбаған материалдар. 
Жоғарыда жазылғанның негізінде зерттеулерде қолданылатын сілтемелерден, құжаттардан, 
мәтіндер мен журналдардан, сондай-ақ веб-сайттардан үзінді келтірудің барлық нормала-
рын сақтау, сонымен қатар, зерттеу тапсырмаларын орындау кезінде ауызша немесе жазбаша 
түрде көрсетілген көмекті атап көрсету маңызды екендігін ескеру қажет. Басқа жұмыстардан 
сілтемесіз көлемді тікелей үзінділерді қолданудан аулақ болыңыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет