Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Кәсіби құндылықтар мен ұстаным



Pdf көрінісі
бет121/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

3. Кәсіби құндылықтар мен ұстаным
Мұғалімдер оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойланады және одан әрі 
дамытуға арналған тәсілдер мен идеяларды белгілейді
• Бағдарламаны игеру барысында мұғалім:
• Әрбір оқушыға үлкен үміт артады және оқушылардың білім алудағы жетістіктеріне оң 
үлесін қосады;


113
• Тиісті құрылымдық бөлімнің, бүкіл мектептің оқыту және оқу тәжірибесін жетілдіруге 
үлес қосады;
• Педагогикалық шеберлік орталығының порталы арқылы виртуалды оқу ортасы 
жағдайында Бағдарламаның құрылымдалған қосымша материалдарын белсенді пай-
даланады;
• Мектептің педагогикалық (желілік) қоғамдастығы жағдайында жұмыс істей алады;
• Өз тәжірибесі туралы ойланады және оны талдай алады;
• Ұсынымдарға қатысты лайықты әрекет етеді;
• Жеке кәсіби даму аспектілері туралы біледі, үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады;
• Өз тәжірибесін жетілдіруге ықпал ететін сыныптағы зерттеу жұмысын жүргізеді;
• Мектептегі басқа мұғалімдермен жағымды кәсіби қарым-қатынас орнатады;
• Мектептегі мұғалімдердің кәсіби даму үдерісін басқарады және қолдау көрсетеді;
• Әріптестердің оқыту сапасын және қызметтің тиімділігін арттыруға қатысты 
мәселелерді талқыға ұсынады;
• Зерттеулердің нәтижелері мен басқа да сыртқы дәлелді дереккөздерге сүйене отырып, 
өз тәжірибесі мен әріптестердің тәжірибесін жетілдіру үшін инновациялық мектеп 
тәжірибесін зерттейді және баға береді;
• Мектеп мұғалімдерінің оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында оқыту мен оқу 
тәжірибесіне өзгеріс енгізеді.


114
ЭТИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Бұл Бағдарлама Сіздің мектебіңіздің шеңберінде немесе басқа кәсіби қызметте өткізілген 
тәжірибелік зерттеу болуын көздейді. Мұндай зерттеу сұрақ қою және сұхбат алу сияқты 
әдістердің көмегімен оқушылардың, әріптестердің немесе ата-аналардың пікірлерін неме-
се олардың тәжірибелерін жинақтауды қамтуы мүмкін. Зерттеу сыныпта немесе мектептің 
басқа бөлігінде жүргізілген байқау, бейнежазба немесе фотосуреттерден тұрады. Осылайша 
деректерді жинау кезінде адамдардың жеке өмір құқығын бұзу немесе оның беделіне, не бол-
маса кейбір жағдайына зиян келтіру қаупі туындауы мүмкін. Мұндай тәуекелдер адамдарға, 
атап айтқанда, балаларға қауіп тудыруы мүмкін. 
Жоғарыда аталған себептер бізді мәселелерді мұқият талдап, хаттамалар мен рәсімдерді 
іріктегенде саналы таңдау жасауға итермелейді. Төменде қабылдауға қажетті 10 іс-әрекет 
тізімі келтірілген:
• Сіз зерттеу өткізуді жоспарлаған нақты мекеме өкілдерінен бұл мекемедегі зерттеу 
жүргізу туралы ережеге қатысты кеңес алу және оны ұстану. 
Зерттеу өткізу туралы виртуалды оқу кеңістігінде этикалық мәселелер бойынша кеңес 
алу және олардың Сіздің зерттеуіңізге сәйкестігін ескеру. http://www.bera.ac.uk/blog/category/
publications/guidelines/.
• Сұхбат, есеп жүргізу, оқушылардың бейне және фото түсірілімі туралы мектепте ереже 
әзірленгендігін анықтау. Саясатта оларды өткізуге рұқсат беру туралы мәселелер қалай 
баяндалған, құжаттарды қалай сақтауға болады?
• Балаларды эксперименттік тәжірибеге немесе зерттеуге қатыстыру үшін оқушылардың 
ата-аналарынан немесе қамқоршыларынан алдын ала рұқсат сұраңыз. Ата-аналарға 
жіберілген хатта жұмыстың мақсаты мен сипатының толығымен түсіндірілуін 
қамтамасыз етіңіз және олардың хаты алынғандығына көз жеткізіңіз. Ата-аналардың 
келісімін жазбаша растауын өтініңіз. 
• Өз зерттеуіңіздің жоспар-негіздемесін жазбаша түрде жазыңыз және әріптестеріңізбен, 
атап айтқанда мектеп басшысымен (әріптестермен) өзіңіздің жобаңыздың тиімділігі 
жөнінде кеңесіңіз. 
• Деректерді жинаудың қандай тәсілін қолдансаңыз да, Сіз жұмыстың мақсаты мен 
нәтижелерін пайдалану әдістерін толық түсіндіруіңіз керек. Барлық оқушылардың 
келісім бергеніне қайта көз жеткізіңіз. 
• Сұхбат немесе пікірталастың кез келген жағдайында, үшінші тараптың (оқушылардың, 
әріптестердің) жеке өмірі мен беделін қорғау қалай қамтамасыз етілетіндігі жайында 
айқын хаттамалар белгіленеді. 
• Қажет болған жағдайларда құпиялылық қағидатына сәйкестікті ескеріңіз. Кей 
жағдайларда өз жұмысын таныту мақсатында мектеп немесе мұғалімдер бұл қағидатты 
бұзуы мүмкін. 
• Сұхбат беруші (оқушылар, әріптестер, басшылық) Сіздің зерттеуіңіз туралы пікір ала 
алуын қадағалаңыз. 
• Зерттеудің мазмұны мен жүргізілу барысы оқушылардың мүдделеріне барынша сәйкес 
болуын қадағалау. 
Бұл ұсыныстарға қосымша Сіздің зерттеуіңіздің аясындағы этикалық мәселелерді анағұрлым 
кең ауқымда қарастыруға болады. Зерттеу өткізу және бағдарлама талаптарын қанағаттандыру 
мақсатында Сіз әріптестеріңізді және/немесе оқушыларыңызды өзіңізбен ынтымақтастықта 
жұмыс істеуге жұмылдыра аласыз, алайда мектеп үшін де, Сіздің қатыстырғыңыз келетіндер 
үшін де Сіздің жобаңыз тиімді бола ала ма? Мысалы, шешім қабылдауға қолдау көрсету 
үшін мектеп пайдалы дереккөздермен қамтамасыз етіле ме немесе өз пікірлерін білдіргеннен 
оқушыларға пайда бола ма? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет