Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН



Pdf көрінісі
бет20/265
Дата17.10.2022
өлшемі4.87 Mb.
#462847
түріБағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   265
Мұғалімге арналған нұсқаулық

Сабақты зерттеу тәсілі
Сабақты зерттеу тәсілі жекелеген мұғалімдердің оқыту үдерісін жақсартуға, сонымен 
қатар бір топ мұғалімнің педагогикалық әлеуетін дамытуға, ақыр соңында – оқушылардың оқу 
үлгерімін жақсартуға арналған. Сабақты зерттеу туралы толық ақпаратты Мұғалімге арналған 
нұсқаулықтан (бұдан әрі – Нұсқаулық) табуға болады. Сабақты зерттеудің кең тараған түрі 
төрт кезеңнен тұрады:
1-кезең: Жеке немесе бірлесіп, топпен, әріптестеріңнің немесе тәжірибелі мұғалімдердің 
кеңес беруі арқылы сабақтың мақсатын қою және оны дайындау.
2-кезең: Сабақты зерттеу жүргізу және Сабақты зерттеуге қатысушылардың оны бақылауы.
3-кезең: Сабақты зерттеуге қатысушылардың барлығы: сабақ бергендердің де, оқыту 
үдерісін бақылаған адамдардың да табысты тұстарды, сондай-ақ жетілдірілуге тиісті жерлерді 
талқылауы.


21
4-кезең: Талқылауды жалғастыру және Сабақты зерттеуді жақсарту жөніндегі дамыту 
жолдарын анықтау үшін бейресми кездесу өткізу.
Оқыту саласындағы грант
Мұғалімдер зерттеу жұмысын ғалымдардың «пешенесіне жазылған» нәрсе деп, өздерін 
зерттеуші деп есептемейді. Мұғалімнің кең қауымға таратылмаған білімі мен құнды тәжірибесі 
құмға сіңген судай болып ізсіз жоғала береді. Осыған байланысты АҚШ-та Карнегидің оқуды 
жақсарту қоры (CFAT) «Оқыту саласындағы грант» деп аталған бағдарламаны жасап шығарды. 
Ол гранттың мәні мынада: ғалымдар өз жұмыстарын жұртшылыққа жария етеді, бұл жұмыс 
талданып, сыни сүзгіден өткізіледі, содан кейін тәжірибеде қолдану үшін басқаларға тараты-
лады. «Оқыту саласындағы грант» мұғалімдерді оқыту аспектілерін зерделеп, талдауға және 
болашақта басқалар пайдалана алатын «белгілі бір өнімді» жасауға шақыруға бағытталған. 
Нәтижесінде ол ғылыми жұмыс қоғам «меншігіне» айналады; ол жан-жақты талданып, сына-
лып, дамытылады және тәжірибеде кеңінен қолданылатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   265




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет