42
Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастырумен қатар, оқушы немесе мұғалім оларды
тәжірибелік жағынан пайдалануға дайын болуы тиіс. Глейзер (1941) сын тұрғысынан ойлау «оған
белгілі бір қорытындыларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін дәлелдер тұрғысынан кез келген
ұстанымды немесе болжанатын білім нысанын зерделеу үшін табанды күш жұмсауды» қамтиды
деп пайымдайды. Сын тұрғысынан ойлау –
өз ойын бағалау ниетінің болуы және
оны істей білу,
ол кез келген субъект үшін қалыпты болып табылатын шыншыл, ашық, дәйекті, талдау жасауға
қабілетті, білімқұмар, өзі мен өзгенің пікіріне сеніммен қарайтын және шешім қабылдауда пара-
сатты болу ниетін дамытуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлаудың осы қағидаттарын ұстанбайтын
немесе
қарсы пікірді ұстанатын, яғни зияткерлік жағынан тәкаппар,
теріс ойлағыш, шыдам-
сыз, қызба, тәртібі нашар, жалқау, әрекеттің салдары туралы ойламайтын, жаңа ақпараттарға
немқұрайды қарайтын, басқаның пікіріне сенбейтін адамдар сын тұрғысынан ойлау дағдыларын
пайдалану кезінде тығырыққа тірелуі мүмкін. Дұрыс қорытындының маңызын мойындай алмау
өзін-өзі алдау мен жекелей де, ұжымдық та жабық ойлауға әкелуі ықтимал.
Блум таксономиясы
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум
таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен
қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады (13-сурет). Бұл жұмыстың мақсаты үш
бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту
мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым
тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға
бірдей аударуға ынталандыру.
Достарыңызбен бөлісу: